Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатта Қазақстан мен Ресей арасындағы минералды тыңайтқыштар зауытын салу туралы келісім талқыланды

30.11.2021 391

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Минералдық тыңайтқыштар шығару зауытын салу және пайдалану» жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады.

Келісім аясында Жамбыл облысында қуаты жылына кемінде бір миллион тонна минералдық тыңайтқыштар мен ілеспе индустриялық өнімдер шығаратын зауыт салу көзделіп отыр. Бұл ретте пайдалану кезеңінде химия кешені бөлігінде және аралас салаларда зауыт 1 200 жұмыс орнын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Инвестор тарапынан инвестицияның жалпы сомасы 1 миллиард АҚШ долларынан асатын болады.

Комитет мүшелері отырыс қорытындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына беру туралы шешім қабылдады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)

Бөлісу