Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Ләззат Сүлеймен Қызылорда облысындағы әйелдер қауымымен кездесті

30.11.2021 325

Сенат депутаты Ләззат Сүлеймен Қызылорда облысында болды. БҰҰ өкілдерімен және аймақ басшылығымен кездесуде гендерлік теңдік, Қазақстан әйелдерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды.

Өңір әкімі Гүлшара Әбдіқалықова сенаторға өңірдегі отбасылық және гендерлік саясаттың жай-күйі туралы айта келіп, гендерлік теңдікті дамыту жөніндегі БҰҰ-ның өкілдігімен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ол сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірдің мемлекеттік аппаратындағы әйелдердің үлесін 30%-ға дейін ұлғайту жүйелі негізде жүзеге асып жатқанын атап өтті.

Ләззат Сүлеймен сонымен қатар азаматтық қоғам өкілдерімен де кездесті. Жүздесуге қатысушылар ауылдық жерлерде тұратын әйелдерге құқықтық көмек көрсететін заңгерлер даярлау, құқықтық сауаттылықты арттыру және өмірде қиын жағдайға тап болған әйелдерге көмек көрсету мәселелерін талқылады.

Сенатор сондай-ақ Қазақстанда STEM жүйесі бойынша БҰҰ қолдауымен білім беру саласын дамытуды қолдауға арналған жобаны жүзеге асыратын қоғамдық қорлардың бірінде болды. Жобаға облыстың 600-ге жуық оқушысы қатысты.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу