Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Парламент Сенатының депутаттары халықаралық конференция жұмысына қатысуда

18.10.2019 721

Сенат депутаттары Манап Көбенов пен Ләззат Сүлеймен Минскіде «Жария билікті межелеу тетіктері – сайлау институттары» атты халықаралық конференцияның жұмысына қатысуда.

Конференцияны ТМД атқару комитеті мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттері Парламентаралық Ассамблеясы Беларусь Республикасының Сайлау және республикалық референдумдарды өткізу жөніндегі Орталық комиссиясымен бірлесе отырып ұйымдастырды. Шара президент және парламент сайлауларына, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі референдумдарға ТМД-ға қатысушы мемлекеттерден баратын Байқаушылар миссиясы туралы Ереженің 15 жылдығына және ТМД ПАА жүзеге асыратын халықаралық байқаудың 25 жылдығына орай өткізіліп отыр.

Конференция сайлау мен референдумдарды заңнамалық қамтамасыз ету, елді басқару қағидаттарын іс жүзінде жүзеге асыруға конституциялық сот төрелігінің үлесі, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы кеңістігінде сайлау үдерісінің заңдылық шарттарын анықтау мәселелерін талқылауға арналды.

ТМД Атқару комитетінің төрағасының бірінші орынбасары В.Гуминский ТМД Атқару комитетінің төрағасы С.Лебедевтің құттықтау сөзін конференцияның ұйымдастырушылары мен қатысушыларына жария етті.

«Бүгін біз еліміздің сайлау заңнамасын жетілдіруді, сайлаушылардың сенім ахуалын және азаматтық белсенділігін нығайтуды ынталандыратын сайлау науқандарына әзірлік пен оны өткізуді ұйымдастырудағы елеулі ілгерілеуді толық жауапкершілікпен атап өтеміз», - делінген ТМД Атқару комитеті төрағасының құттықтау сөзінде.

«Өткен жылдары ТМД байқаушылары Достастықтың барлық мемлекеттеріндегі түрлі деңгейдегі сайлауларға қатысты, бұл сайлау үдерістердің даму қарқынын талдауға және бағалауға мүмкіндік береді»,- деп атап өтті С. Лебедев.

Бөлісу