Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Ләззат Сүлеймен: Смайыловтың Үкіметіне сын да, үміт де көп болады

11.01.2022 138

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан жағдайға түбегейлі өзгеріс керек екеніне мүдделі екенін көрсетті. Ең алдыменен билік халықтың сенімін қайтарып алу керек. Билік халыққа есепте болуы және билікпен халық бірге болуы керек. Бұл халықтың да айтып отырған талабы.

Мемлекет басшысы қазіргі қоғамда әлеуметтік-экономикалық әділетсіздік туғызып отырған мәселелерді тізіп айтып, мемлекеттік институттарды қалай дамыту керектігі туралы нақты бағыттар берді. Егерде ол нәтиже бермесе, ол институттардың таратылатындығы туралы айтты. Бұл халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді, және жастардың, әсіресе жұмыссыз жастардың экономиканың бір мүшесі екенін сезінулеріне мүмкіндік береді.

Бүгінгі бекітілген Премьер-министрдің кандидатурасын біз де қолдаймыз. Әрине, Смайыловтың үкіметіне сын да, үміт де көп болады. Сондықтан да бұл Үкіметтен күтеріміз көп. Экономикалық реформаларды тездетіп жүзеге асыруымыз керек.

Ал енді осылардың бәрін жүзеге асыру үшін билікте халықтың өзінен шыққан, халыққа жаны ашитын, өз мүддесінен халықтың мүддесін жоғары қоятын азаматтар болу керек. Басқа жол жоқ бізде».

Бөлісу