Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар суармалы су тапшылығына қатысты мәселелерді талқылады

23.02.2022 557

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді суару суымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша министрліктер мен квазимемлекеттік ұйымдардың өкілдерімен кеңес өткізді.

Соңғы жылдары жаһандық климаттың өзгеруіне байланысты су ресурстарының жетіспеушілігі және оның салдары экономиканың көптеген салаларында, оның ішінде ауыл шаруашылығында, әсіресе суармалы егіншілікте сезілуде.

«Суару суымен қамтамасыз ету мәселесі ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін ғана маңызды емес, ол елдің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етеді. Сонымен қатар, су тапшылығы жағдайында заманауи суды үнемдейтін технологияларды енгізу әлі де өзекті», - деді Әли Бектаев.

Экология Министрлігінің өкілі оңтүстік өңірлерде қалыптасқан су шаруашылығы жағдайына және күтілетін судың аздығына байланысты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді суармалы сумен қамтамасыз ету үшін су қоймаларын барынша толтыру бойынша шаралар қабылданып жатқанын айтты.

Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі суды үнемдейтін суару технологияларын қолдану арқылы суармалы егін шаруашылығының тиімділігін арттыру перспективаларына тоқталды, бұл су шығынын азайтуға және су мен қоректік заттармен дәлме-дәл қамтамасыз ету арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша сенаторлар суды үнемдеудің және су ресурстарын ұтымды пайдаланудың пәрменді тетіктерін енгізу, сондай-ақ қабылданған «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы шеңберінде су ресурстарын қорғауға бақылауды күшейту қажеттігіне назар аударды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)

Бөлісу