Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатта республикалық бюджет туралы заң жобасы қаралатын болды

03.05.2022 413

Бюро мүшелері Палатаның биылғы 5 мамырда өтетін отырысының күн тәртібін бекітті.

Сенат отырысында Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаевтың ант беруі және оның Парламент Сенатының тұрақты комитеті бірінің құрамына сайлану мәселесі қаралады.

Депутаттар Палатаның таяудағы отырысында «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» және «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын да қарайтын болды.

Бюро мүшелері сонымен қатар биылғы жылғы 20 мамырда «Жаңа Қазақстан: Жастар және жаңғыру» тақырыбы бойынша Парламент тыңдауын өткізуді ұйғарды.

Отырыста пысықтау жұмыстарын жалғастыру үшін бұрын Мәжіліс мақұлдаған заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)


Бөлісу