Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Cенаторлар Конституцияға енгізілген өзгерістерді Қожа Ахмет Ясауи атындағы университет студенттерімен талқылады

16.05.2022 180

Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Түркістан қаласында болып, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесті.

Жиында референдумды қолдау мен ашық қоғам құрудың маңыздылығы талқыланды.

«Референдум аясында Қазақстан Конституциясының 33 бабына өзгерістер енгізу жоспарлануда. Атап айтқанда, жер мен оның байлығы халықтың меншігі болып жарияланды. Мемлекет халықтың атынан жерге иелік етеді. Сонымен қатар, Конституциялық, Жоғарғы және өзге де соттардың судьяларына Орталық сайлау комиссиясының мүшелері мен төрағалары болуға тыйым салынады. Әскери қызметкерлерге, ұлттық қауіпсіздік және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне саяси партияларға кіруге, кәсіподақ ұйымдарында тіркелуге және саяси партияның үгіт-насихат жұмыстарына қатысуға тыйым салынады», - деді сенатор Әли Бектаев.

Сондай-ақ депутаттар университеттің тыныс-тіршілігімен, материалдық-техникалық базасымен танысып, университет ұжымы мен студенттерінің ұсыныс-тілектерін тыңдады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу