Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар ТМД ПАА тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты

19.05.2022 351

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы мен Талғат Мұсабаев ТМД ПАА тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты.

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы Әлеуметтік саясат және адам құқықтары жөніндегі комиссияның жұмысына қатысты. Онда БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының Ресей Федерациясындағы өкілдігінің және Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары Халықаралық федерациясының Ресей мен Беларусьтегі өңірлік өкілдігінің қызметі мәселелері талқыланды. Отырысқа қатысушылар сонымен қатар ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы өкілінің «Пандемия туралы жаһандық шарт жобасы туралы» ақпаратымен танысты.

Сенатор Талғат Мұсабаев Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссияның жұмыс отырысы барысында басқа елдердегі әріптестерімен бірге 1972 жылғы Бактериологиялық және уытты қаруларды әзірлеуге, өндіруге және олардың қорларын жинақтауға тыйым салу және оларды жою туралы конвенцияны имплементациялау жөніндегі ТМД ПАА ұсынымдарын іске асыру барысы туралы ақпаратты тыңдады. Парламентшілер сондай-ақ ТМД ПАА-ның халықаралық әріптестік ұйымдармен өзара іс-қимылы туралы мәселелер топтамасын қарастырды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу