Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенат Төрағасы БАӘ Елшісіне көңіл айтты

19.05.2022 181

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің көрнекті мемлекет қайраткері шейх Сұлтан бен Заид Әл Наһаянның қайтыс болуына байланысты БАӘ-нің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиге көңіл айтты.

Сенат Төрағасы Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшілігінде болған кезде көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Мәулен Әшімбаев шейх Халифа бен Заид Әл Нахайян мұсылман әлеміндегі жарқын көшбасшылардың бірі және Қазақстанның тату досы болғанын атап өтті. Ол біздің елдеріміз арасындағы екі жақты әріптестікті дамытуға зор үлес қосты. Біздің елімізде жүзеге асырылған маңызды әлеуметтік, инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар оның есімімен байланысты.

Сенат Төрағасы атап өткендей, 15 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әбу Дабиге барып, шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты жеке көңіл айтқан болатын.

«Шейх Халифа бен Заид Әл Нахаян Біріккен Араб Әмірліктерінің нағыз көшбасшысы ретінде мемлекеттің өсіп-өркендеуіне ауқымды үлес қосты. Ол сондай-ақ Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы қарым-қатынастың негізін қалауда және өзара достық пен ынтымақтастықты нығайтуда үлкен рөл атқарды. Оның екіжақты байланысты арттыруға сіңірген еселі еңбегін әрдайым зор құрметпен еске аламыз. Сіздердің қайғыларыңызға ортақтаса отырып, жеке өзімнің және Сенат депутаттарының атынан қайғырып көңіл айтамын», - деп атап өтті Сенат Төрағасы.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті және Абу-Даби билеушісі, Жоғары мәртебелі шейх Халифа бен Заед Әл Нахаян 2022 жылдың 13 мамырында жұмада қайтыс болған еді. Шейх Халифа бен Заед Әл Нахаян 2004 жылдың 3 қарашасынан бастап БАӘ президенті және Абу-Даби билеушісі болды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)

Бөлісу