Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатор аэроғарыш саласының қызметкерлерімен кездесті

21.05.2022 395

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Талғат Мұсабаев Нұр-Сұлтан қаласында «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ қызметкерлерімен кездесті. Сенатор олармен Конституцияға енгізілетін өзгерістер және алдағы референдумда ұсынылған негізгі жаңалықтарды талқылап, енгізіліп жатқан түзетулердің маңыздылығына тоқталды.Сонымен қатар, сенатор,  бұл үдеріс «Жаңа Қазақстанның» қалыптасуында үлкен рөл атқаратынын атап өтті.

Атап айтқанда, сенатор суперпрезиденттік басқару түрінен күшті Парламенті бар Президенттік Республикаға өтуге мүмкіндік беретін өзгерістерге егжей-тегжейлі тоқталды.

«Қазіргі Қазақстандағы референдумның ерекшелігі – Президенттің конституциялық реформаға бастамашылық етуінде, ол кеңейтілмейді, керісінше, өкілеттіктердің бір бөлігін басқа билік институттарына қайта бөледі», - деп атап өтті сенатор.

Депутат әріптестерін азаматтық позициясын көрсетіп, референдумға белсенді қатысуға шақырды. Сондай-ақ, кездесулер барысында аэроғарыш қызметін дамытуға қатысты басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу