Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Қанатбек Сафинов: Референдум – бұл әрбір адам үшін жаңа Қазақстанды құруға өз үлесін қосу мүмкіндігі

25.05.2022 190

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің хатшысы Қанатбек Сафинов М.Нәрікбаев атындағы КазГЗУ университетінің оқытушылары мен студенттеріне дәріс оқыды.

Депутат дәріс барысында алдағы референдумның маңызы, сондай-ақ Конституциялық Соттың азаматтардың құқықтарын қорғау тетігі ретіндегі ерекшелігі мен жерге меншік құқығына қатысты өзгерістердің мәні туралы айтты.

Сенатор Қанатбек Сафинов алдағы референдумның нәтижесі көбінесе азаматтардың белсенділігі мен олардың дауыс беруге жаппай қатысуына байланысты болатынын атап өтті.

«Халық мемлекеттік мәселелерді, оның ішінде «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға байланысты мәселелерді шешуге белсене қатысуы тиіс. Қазір бәрі қазақстандықтардың өздеріне байланысты. Өйткені, бұл біздің әрқайсымыз үшін жаңа Қазақстанды құруға өз үлесімізді қосудың мүмкіндігі», - деді ол.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу