Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Әли Бектаев қазақстандықтардың референдумға қатысуының маңызы туралы айтты

27.05.2022 198

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аудандарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаев Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданының тұрғындарымен кездесіп, алдағы референдумға дайындық мәселелерін талқылады.

Әли Бектаев кездесу барысында конституциялық реформа бойынша референдум өткізудің маңызын атап өте келіп, Конституцияға ұсынылып отырған түзетулерге түсініктеме берді. Ол сондай-ақ Сенаттың заң шығару қызметі және болашаққа арналған жұмыс жоспарлары туралы жерлестерін хабардар етті.

Кездесу барысында аграрлық сала мен ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлікті дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Әли Бектаев тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, олардың барлық ұсыныстарын болашақта жұмыс бабында назарда ұстайтынын атап өтті.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу