Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Д. Назарбаева: «Елдің басқару жүйесіндегі жергілікті өзін-өзі басқару толыққанды әрі күшті буын болуы тиіс»

01.11.2019 136

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Павлодар облысында болды.

Жұмыс сапары Павлодар облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен кездесуден басталды. Жүздесуде Парламент Сенаты мен аймақтағы заң шығару органдарының өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Д.Назарбаеваның айтуынша, елдің басқару жүйесінде жергілікті өзін-өзі басқару толыққанды және күшті буын болуы тиіс.

Кездесу барысында депутаттар Сенат Төрағасына аймақты дамытудың өзекті мәселелері туралы айтты. Амбулаторлық көмек көрсету тарифтерін арттыру, құрылыстың сапасы мен қауіпсіздігі, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге қатысты әңгіме өрбіді.

Депутаттар сондай-ақ өңірдегі экологиялық мәселелерді де қозғады, олардың арасында өнеркәсіп өндірістерінің атмосфераны ластауы ерекше алаңдатып отыр.

Сенат басшысы өз сөзінде табиғатты қорғау қызметін қаржылық қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударды. Д.Назарбаева қазіргі кезде экологиялық тұрғыда зиян келтіретін кәсіпорындар аз айыппұл төлеп келе жатқанын, дегенмен бұл жағдайды өзгерту керектігін атап өтті. Жиналған қаражатты бөлу жөнінде де назар аударатын мәселелер бар.

«Бұл айыппұлдар қайда кетіп жатыр, олар қайда жинақталады, кімнің қарамағына түседі? Біз оны Үкіметпен байыпты түрде талқылауымыз керек. Былай болуы керек, облыста орналасқан кәсіпорындардың эмиссияларынан жиналатын қаржының едәуір бөлігі облыста қалып, табиғат қорғау шараларына жіберілуі тиіс», - деді Д.Назарбаева.

Д.Назарбаева С.Торайғыров атындағы ғылыми әмбебап кітапханасында облыстық және қалалық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Билік пен халық арасындағы үнқатысудағы жұртшылық өкілдерінің рөлі, сондай-ақ қоғамдық кеңестер жұмысының тетіктерін жетілдіру талқылау тақырыбы болды.

Сенат Төрағасы жұмыс сапары барысында «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында байытылған алюминий өндіру зауытында болды.

Дариға Назарбаеваға арнайы экономикалық аймағының жұмысы көрсетіліп, инвесторларға арналған жағдайлар туралы айтылды. Сенат Төрағасы байытылған алюминий шығаратын және оның жеңіл балқымасынан автомобиль дискілерін жасайтын «Giessenhaus» зауытының жұмысымен танысты. Зауыт 2017 жылы іске қосылған болатын. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 5400 тонна өнімді құрайды.


Бөлісу