Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Палата отырысының кезекті күн тәртібі бекітілді

27.06.2022 241

Парламент Сенаты Бюросының мүшелері Палата отырысының 2022 жылғы 28 маусымға жоспарланған күн тәртібін бекітті.

Депутаттар Бюро отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға  қарсы іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік баға реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қарауды жоспарлады.

Құжаттар заңнаманы және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін жақсарту мақсатында әзірленді. Сондай-ақ заң жобасында және ілеспе Кодексте қылмыстық қаражатты жария еткені үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту және бірқатар қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін мүлікті тәркілеу түрінде қылмыстық жаза белгілеу көзделген.

Сенаторлар сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заң жобаларын қарайтын болды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу