Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сергей Ершов Қарағанды облысының ауылдарының тұрғындарымен кездесті

05.07.2022 274

Сенатор Сергей Ершов Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Осакаров, Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарында болып, аудан әкімдерімен, сондай-ақ жергілікті мәслихат хатшыларымен және аудандық ішкі істер бөлімдерінің басшыларымен кездесті.

Кездесу барысында депутат жерлестеріне Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының заң шығару жұмыстары мен өткен сессияда Сенат қабылдаған заңдар туралы жан-жақты айтып берді. Сенатор көптеген заң жобалары азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын баса айтты.

Осылайша, аудан әкімдерімен өткен жиында сенатор аудандардың әлеуметтік-экономикалық және тұрғын үй-коммуналдық мәселелерін шешуге қатысты мәселелерді, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражатын тиімді игеру мәселелерін талқылады.

Аудан әкімдері өз кезегінде сенаторға жергілікті атқарушы органдардың бюджет қаражатын тиімді пайдалануына мүмкіндік беретін қолданыстағы бюджет заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өз ұсыныстарын айтты.

Сенатор көтерілген мәселелердің барлығы Қазақстан Республикасы Парламентінің алдағы сессиясында назарға алынып, тиісті мемлекеттік органдармен пысықталатынын жеткізді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)


Бөлісу