Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті отырыс өткізіп, онда келесі мәселелер қаралды:

07.11.2019 459

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті отырыс өткізіп, онда келесі мәселелер қаралды:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 –2022   жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

Баяндамашы: Такиев Мәди Төкешұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

Қосымша баяндамашы: Мұқашев Төлеубек Төлеуұлы – Комитет хатшысы

2. «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2020 – 2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

Баяндамашы: Такиев Мәди Төкешұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

Қосымша баяндамашы: Мұқашев Төлеубек Төлеуұлы – Комитет хатшысы

3. «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

Баяндамашылар:

Такиев Мәди Төкешұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

Савельева Татьяна Михайловна – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

Тутушкин Виталий Алексеевич - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры

Қосымша баяндамашы: Мұқашев Төлеубек Төлеуұлы - Комитет хатшысы

Депутат Қ.Қожамжаров іссапарда болуына байланысты отырысқа қатысқан жоқ.

Әлеуетті құрылымдар, сыртқы саяси ведомство және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен өткен Комитет отырысы барысында депутаттар бюджеттік бағдарламалардың жекелеген әкімшілеріндегі дебиторлық берешектің жыл сайынғы өсуіне және оның пайда болу себептеріне қатысты мәселелерді көтерді. Сондай-ақ шекаралық өткізу пункттерінің инфрақұрылымы, әскери шығындарды реттеу және қаржы тәртібін нығайту мәселелері көтерілді. Қорғаныс-өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметі жеке талқыланып, Жайық өзенінің трансшекаралық бассейнін сауықтыру мәселесі қозғалды. Әрбір тармақ бойынша комитеттің қорытындысында көрсетілген проблемаларды шешуге бағытталған бірқатар нақты ұсынымдар ұсынылды, бұл туралы.

Бөлісу