Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатор Динар Нөкетаева Орал қаласында балалар-жасөспірімдер туризмінің халықаралық форумында сөз сөйледі

12.11.2019 874

Орал қаласында «Қосымша білім беру жағдайында балалар мен жасөспірімдер туризмін жүзеге асырудағы кластерлік тәсіл» атты халықаралық форум болды.

Форумда Қазақстан, Ресей және Белоруссияның барлық аймақтарынан келген қатысушылар бас қосты. Депутаттар, белгілі ғалымдар жиынға қатысушылар алдында сөз алып, еліміздегі балалар мен жасөспірімдер туризмінің жағдайы, осы саланың өзекті мәселелері мен жетістіктері туралы айтып берді.

Сенат депутаты Динар Нөкетаева өз сөзінде Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер арасында туристік-өлкетану қызметінің оң тәжірибесі жинақталғанын атап өтті. Ол сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер туризмін, өлкетану және экскурсиялық жұмыстарды дамыту үшін шешімін табуды қажет ететін мәселелер бар екенін жеткізді.

Форум бірқатар ұсыныстар жария етілген дөңгелек үстел отырысымен қорытындыланды. Шара аясында сондай-ақ Батыс Қазақстан облысындағы балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытудың негізін қалаушылардың бірі В.Фоминге арналған мемориалдық тақта ашылды.

Бөлісу