Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатор Дәурен Әділбеков Қорғалжын ауданының тұрғындарымен кездесті

09.08.2022 431

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Дәурен Әділбеков Ақмола облысының Қорғалжын ауданында болды.

Депутат сапар барысында Сабынды және Кенбидайық ауылдарындағы бірқатар әлеуметтік нысандарының жұмысымен, сондай-ақ «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК жөндеу жұмысының барысымен танысты. Сенатор су құбыры Қорғалжын және Егіндікөл аудандарының тұрғындарын ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етуге арналғанын ескере отырып, объектідегі жұмыстарды сапалы және уақтылы аяқтаудың маңызды екенін атап өтті.

Парламент мүшесі сонымен қатар өңірдегі шаруалармен де кездесті. Дәурен Әділбеков жылыжай қызметкерлерімен кездесу барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өткен сессиядағы жұмысының қорытындылары туралы айтып берді және ауыл тұрғындарын толғандырып отырған өзекті мәселелерді талқылады.

Сенатор Сабынды ауылының ауылдық дәрігерлік амбулаториясы мен мәдениет үйінің қызметкерлерімен кездесу барысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген халықтың табысын арттыру бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу