Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Жанболат Жөргенбаев Алматы облысындағы өзекті мәселелерді тұрғындарымен кездесуде талқыға салды

09.08.2022 398

Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев Алматы облысының Жамбыл және Қарасай аудандарында болды. Ол жұмыс сапары барысында аудан, ауылдық округ әкімдерімен және олардың орынбасарларымен, мәслихат депутаттарымен және хатшыларымен, сондай-ақ «AMANAT» партиясының аудандық филиалының басшылығымен кездесті.

Облыс тұрғындарымен кездесулерде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының алдағы заң шығару жұмысы туралы хабардар етті және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың табысын арттыру мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан саяси және конституциялық реформалардың жүзеге асып жатқаны туралы айтылды.

Жанболат Жөргенбаев кездесулерді қорытындылай келіп, қазіргі кезде орын алып отырған бірқатар проблемаларға тоқталды және олар келесі заң жобаларын қарау барысында пысықталатынын атап өтті.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу