Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар Каспий мәселесін шешу жолдарын талқылады

15.08.2022 303

Сенат депутаттары Серікбай Трұмов, Сүйіндік Алдашев және Бақтыбай Шелпеков Ақтауда халықаралық «Каспий-2022» тақырыбына арналған дөңгелек үстелге қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар Каспий теңізінің жай-күйін, экологиялық проблемаларды тиімді шешу және бірегей теңіз флорасы мен фаунасын сақтау мәселелерін талқылады.

Кездесуде сенаторлар Каспий теңізінің маңызына назар аударып, оның экологиялық жағдайын қорғау және сақтау жағасындағы мемлекеттердің бірінші кезектегі міндеті екенін атап өтті.

«Каспий теңізінің экологиясы оның жағасында орналасқан бес мемлекет үшін өте маңызды. Біздің міндетіміз – әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, қоршаған ортаны қорғау және теңізге кері әсерін тигізетін факторларды азайту. Қызыл кітапқа енгізілген Каспий итбалығының тағдыры да өте өзекті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге ерекше назар аударып, өзінің жеке бақылауында болатынын айтқаны белгілі», – деді Серікбай Трұмов.

Айта кетейік, Каспий итбалығын қорғауды күшейту үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы қаулысымен ол Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу