Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Бюджет қаржысы бойынша кездесу болды

13.11.2019 965

Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитеті 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қарау аясында елімізге инвестициялар тарту және қазақстандық тауарлар экспортын сыртқы нарықтарға шығаруға жәрдемдесу мәселелері бойынша Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің, «Kazakh Invest» және «ЭКС «Kazakh Export» акционерлік қоғамдарының өкілдерімен кездесті.

  Депутаттар кездесу барысында бөлініп жатқан бюджет қаржысының тиімділігі; бюджет қаржысы еліміздегі басым салаларға, оның ішінде қандай жобаларға бағытталады; келетін инвестициялардың жалпы экономика мен халыққа әсері; өнімдерді экспортқа шығарушыларға қандай және қай мөлшерде қолдау көрсетілгені туралы мәселелерді көтерді.

Бөлісу