Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Андрей Лукин Сенаттың жұмысы туралы елорда тұрғындарына айтып берді

04.01.2023 292

Сенатор Андрей Лукин заңнамаға енгізілген және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген түзетулерді мәслихат депутаттарымен, мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерімен және елорда тұрғындарымен талқылады. Сенатор депутаттық қызметтің негізгі мәселелері туралы айтып берді және кездесуге қатысушыларды Палатаның заң шығару жұмысымен де таныстырды.

Кездесу барысында медицина қызметкерлерінің дәрігерлік қателіктері үшін жауапкершілігі, аудандардағы коммуналдық кәсіпорындар қызметкерлерінің жағдайы мен мәртебесі, жергілікті бюджет трансферті мен оны игеру және республикалық бюджеттен қаражат бөлуге қатысты мәселелер көтерілді.

Депутат мемлекеттік органдарға жолдайтын депутаттық сауалдарда пайдалану үшін кездесуге қатысушыларды қолда бар ұсыныстар мен ескертулерді жеке өзіне жіберу қажеттігін айтты.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу