Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатор Сәрсенбай Еңсегенов «Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылығының сабақтары» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді

28.11.2019 720

Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылығының сабақтары» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.

Сенатор республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында бір топ парламентшілер 1 желтоқсанды жалпы мемлекеттік ауқымдағы мереке күні деп жариялау туралы бастама көтергенін еске салды. Өйткені, дәл осы күні Қазақстан Республикасында президент институты пайда болып, Тұңғыш Президент сайланды әрі біздің мемлекетіміздің дамуы мен өркендеу барысына тікелей ықпал етті.

Тарихи күнге айналған 1991 жылдың 1 желтоқсанында өткен республика президентінің бүкілхалықтық бірінші сайлауына қазақстандықтардың 88,23 пайызы қатысты. Сайлаушылардың 98,7 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдады. Қазақстандықтардың басым көпшілігі бейбітшілік пен келісімді, қарқынды даму мен демократиялық реформаларды таңдады.

Бөлісу