Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Дариға Назарбаева ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және даму ерекшеліктері бар балаларды қолдауға арналған «Таңғажайып әуен» қайырымдылық фестиваліне қатысты

04.12.2019 1044

Сенат Төрағасы, «Дегдар» гуманитарлық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Дариға Назарбаева Урюпинск балалар үйінің 90 баласы мен Оқушылар сарайының тәрбиеленушілеріне арналған «Таңғажайып әуен» фестивалі аясындағы Open space шарасына қатысты.

«Дегдар» қоры ата-ана қамқорлығынсыз қалған және даму ерекшеліктері бар балаларды қолдау үшін «Таңғажайып әуен» фестивалін ұйымдастырған болатын.

Шара ерекше актерлер театрының балаларға арналған қойылымымен басталды. Балалар спектакльден кейін кескіндеме, пісіру, қыш өнері және қазіргі заманғы би бойынша шеберлік сыныптарына қатысты, робототехника үйірмесіне, бейнелік және химия зертханаларында болуғы мүмкіндік алды. Аниматорлар, клоундар мен сыйқыршылар және жонглерлер жас меймандарға ойын-сауық бағдарламасын ұсынды.

Дариға Назарбаева қамқорлықсыз қалған балалармен және дамуы ерекше балалармен жұмыс істейтін педагогтарға алғысын жеткізе отырып: «Балалардың өмірі толық әрі қызықты болуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасап отырған тәрбиешілер мен педагогтарға өте ризамын. Сіздерге алғысым шексіз!», - деді.

Сенат Төрағасы сондай-ақ Петропавлдағы ерекше актерлер театрының тәжірибесін бүкіл елімізде пайдалану туралы шешім қабылданғанын және бүгінгі күні Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып,  театрлардың жанында инклюзивті студиялар құру жобасы әзірленіп жатқанын айтты.

Дариға Назарбаева балаларға арнаған сөзінде келе жатқан мерекелер – Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен және Жаңа жылмен құттықтай келіп: «Сіздерге Жаңа жыл түніндегі барлық тілектеріңізді орындалуына тілектестігімді білдіргім келеді. Ол тілектетердің бәрі орындалады деп сенемін», - деді.

 «Дегдар» гуманитарлық қоры фестиваль аясында Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарындағы ауылдарда орналасқан төрт балалар үйінің мұқтажына қайырымдылық жинағын жүргізуді қолға алды.

Бөлісу