Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Конкурс

ЖАЛПЫ КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ

(8.11.2019 ж.)

010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі 4 үй, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының ғимараты, анықтама үшін Персоналмен жұмыс бөлімінің байланыс телефоны: 8 (7172) 74-71-74, электрондық адрес: Konkurs@parlam.kz. 

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің еңбек өтіліне

байланысты лауазымдық жалақысы:

 

В-4

199044 тг. бастап

268168 тг. дейін

В-6

158236 тг. бастап

214035 тг. дейін

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аппараты бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1.Жалпы бөлімнің бас консультантына (В-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Сенат депутаттарының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету: заң жобалары бойынша құжаттарды ресімдеу және жүргізу; Сенатта заң жобаларын есепке алу және олардың жүргізілуіне бақылау жасау; Сенат, оның Бюросы қабылдаған барлық актілер бойынша қол қойылатын құжаттарға ресми тілде лингвистикалық сараптаманы жүзеге асыру; құжаттарды тіркеу, ресімдеу, сақтау және мемлекеттік мұрағатқа тапсыру; құжаттардың мұрағаттық құндылығына сараптама жүргізу; Сенат пен оның Аппараты басшылығының өкімдері мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру; іс қағаздарының жай-күйіне бақылау жасау; құжаттар айналымына талдау жүргізу.         

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғарғы кәсіби білім, мемлекеттік тілді білу; Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу; компьютерде әртүрлі бағдарламалармен жұмыс істей білу, қызметі бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

2. Ақпараттық-талдау бөлімінің сарапшысына (В-6, 1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы уақытына). 

Функционалдық міндеттері: бөлімнің қызметін ұйымдастырушылық және құжаттамалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыру; Сенат қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету; ақпараттық-талдау құжаттарын, шолуларды, анықтамаларды, жазбаларды әзірлеуді ұйымдастыру; бөлімнің мемлекеттік қызметшілерін анықтамалық, ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз ету; кіріс және шығыс хат-хабарларды қабылдап алу және тіркеу; іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың орындалуының толымдылығын тексеру, құжаттарды мұрағатқа ресімдеу мен тапсыру; бақылау, бақылаудан алу.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғарғы кәсіби білім, мемлекеттік тілді білу; Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу; лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқаруы үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

3. Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара байланыс жасау бөлімінің сарапшысына (В-6, 1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы уақытына). 

Функционалдық міндеттері: Комитет пен бөлімнің қызметін ұйымдастырушылық және құжаттамалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыру; кіріс және шығыс хат-хабарларын қабылдау және тіркеу; іс қағаздарды жүргізу, бөлімнің құжаттарын мұрағатқа ресімдеу мен тапсыру, құжаттардың орындалу толымдылығын тексеру; бақылау, бақылаудан алып тастау; Комитет депутаттарын және бөлімнің мемлекеттік қызметшілерін анықтамалық, ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғарғы кәсіби білім, мүмкіндігінше заң саласының; мемлекеттік тілді білу; Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу; лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқаруы үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы  № 85 бұйрығына сәйкес, В-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің лауазымдарын қоспағанда) келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары білім;

     мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

     1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

     2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

     3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

    4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

    5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе облыстық деңгейдегі басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

    6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;

   7) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

   8) ғылыми дәрежесінің болуы;

   9) сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде бір жылдан кем емес;

   10) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

В-6 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

    жоғары білім;

   мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

    жұмыс тәжірибесі талап етiлмейдi.

Жалпы конкурс үшін құжаттарды қабылдау мерзiмi - конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні;

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

       1)   2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

       2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

       3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

   "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

       4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

       5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

       6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

       7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

     8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

     9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

     10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

           Әңгімелесуге жіберілген кандидаттарға әңгімелесу уақыты мен орны қосымша хабарланатын болады.

           Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылатын болады.

Б» корпусының мемлекеттік 

                                                                                               әкімшілік лауазымына орналасуға

                                                                                                    конкурс өткізу қағидаларына

2-қосымша

 

                                 ___________________________________

                                                                                          (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені_________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға  жiберуiңiздi сұраймын.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефондары

____________________________________________________________­­­­­­­____________________

 

__________                                        ____________________________________

                 (қолы)                                                         (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

«____»_______________ 20__ ж.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік 

                                                                                               әкімшілік лауазымына орналасуға

                                                                                                    конкурс өткізу қағидаларына

3-қосымша

 

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНАКАНДИДАТТЫҢ

ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ


___________________________________________
___________________________________________                                                                                                                                                                                                     
фото

тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/                                                                                                                                                                                                                     3х4
фамилия, имя, отчество (при наличии)

____________________________________________

лауазымы/ должность, санаты/категория

 

Жеке мәліметтер/Личные данные

1.

Туылған күні және жері /Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/                                  Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/

Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi, ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание

 

5.

Шетел тiлдерiн бiлуi/

Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары/
Государственные награды, почетные звания

 

7.

Дипломатиялық дәрежесi, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шенi /Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі/
Вид взыскания, дата и основания его наложения

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижес, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется госуарственными служащими)



ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жерi/ должность, место работы,
местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения



















 

_____________________________
кандидаттың қолы/подпись кандидата


______________________________

күні-дата