Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

���������������������� ������������

Сенатта Андорраның Сыртқы істер министрімен кездесу болды

05.08.2022 421

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Андорраның Сыртқы істер министрі Мария Убахпен кездесті.

Тараптар келіссөз барысында екіжақты байланыстардың қарқынды сипатын атап өте келіп, бір-бірінен географиялық тұрғыда алшақтығына қарамастан Қазақстан мен Андорраның өзара тиімді ынтымақтастық бағытын, атап айтқанда, туризм саласының келешегі зор екенін атап өтті.

Сондай-ақ екі ел парламентшілерінің халықаралық парламенттік ұйымдар аясындағы, оның ішінде ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясы мен Еуропа Кеңесіне қатысқан кездегі өзара жемісті іс-қимылы атап өтілді.

 Сенат Төрағасының орынбасары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңғырту жөніндегі күн тәртібіндегі Парламенттің саяси тетіктердегі рөлін күшейту туралы хабардар етті.

«Конституциялық реформа еліміздің қазіргі саяси жүйесіне елеулі түрде өзгеріс енгізуде, оны супер президенттіктен ықпалды Парламенті мен есеп беретін Үкіметі бар президенттік республикаға айналдырады», - деп атап өтті қазақстандық парламентші.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Андорра арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың маңызды құрамдас бөлігі ретінде парламентаралық байланыстарды одан әрі дамыту туралы уағдаласты.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген:Н.Байбулин)

Share this