Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

���������������������� ������������

Сенатта Қазақстан мен Корея Республикасы парламентшілері кездесті

03.08.2022 758

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Корея Республикасы Ұлттық Жиналысындағы Парламентаралық достық тобының төрағасы У Вон Шикпен кездесті.

Келіссөз барысында Қазақстан басшысының 2021 жылы Корея Республикасына сапары кезінде қол жеткен уағдаластықтар аясында екі ел арасындағы ынтымақтастықты, оның ішінде парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Тараптар біздің елдеріміздің сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастығының қарқынды дамуын атап өте келіп, мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетудің маңызына тоқталды.

Жүздесушіге Қазақстандағы конституциялық реформаның мән-маңызы туралы ақпарат айтылды. «Бүгінде біздің еліміз өз дамуындағы тарихи маңызды кезеңде тұр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңғырту жөніндегі күн тәртібі жүзеге асуда, онда барлық өзгерістер қамтылып отыр. Еліміздің саяси жүйесін одан әрі демократияландыру – басты бағыттардың бірі болып табылады», - деді Асқар Шәкіров.

У Вон Шик Қазақстандағы демократиялық реформалар Кореяда мұқият қадағаланып отырғанын және оларды құптайтынын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша парламентаралық ынтымақтастық байланыстары бойынша одан әрі өзара іс-қимыл жасау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Поделиться