Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Халықаралық қызметі

16.11.2020 0

 

13.04.2015 ж. Иран Ислам Республикасының сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф бастаған делегациямен кездесу өткізді.

 

22.05.2015 ж. Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халықтық саяси консультативтік кеңесі төрағасының орынбасары Ван Чжэнвэй бастаған делегациямен кездесу өткізді.

 

04-07.12.2015 ж. 2015 жылғы 6 желтоқсанда өткен Армения Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдум өткізу туралы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық бақылаушылар тобына қатысты.

 

23-25 қараша 2016 ж. депутат Бектаев Ә.Ә.  Қазақстан Парламенті Сенатының делегациясы құрамында Санкт-Петербург қаласында іс сапарда болып, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік Ассамблеясының (ҰҚШҰ ПА) шараларына қатысты.

2016 жылдың 24 қарашасында  Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік Ассамблеясының (ҰҚШҰ ПА) тоғызыншы отырысы болды.

 Шараның күн тәртібіне ұйымдастыру, заң жобалары және ережелер әзірлеу сипатындағы мәселелер кірді. Атап айтқанда, дағдарысты жағдайларда әрекет жасау; мамандар даярлау және білімін жетілдіру; технологиялық терроризмге қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету; есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлардың айналымын бақылау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды нормативтік-құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету бағытында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру бойынша құжаттар қабылданды. Отырыста «Заңды тұлғалардың және (немесе) оның активтерін заңсыз иелену және басқаруға қарсы іс-қимыл туралы» үлгі ретіндегі заң жобасы қаралды. Сондай-ақ, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын еңбек мигранттарын зейнетақымен қамтамасыз ету және адам саудасының түрлі әрекеттеріне қатысты бөлігіне жетілдіру жөніндегі ұсынымдар да қабылданды.

 

2017 жылдың 19 мамырында  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевтың Сауд Арабиясы Королінің кеңесшісі, Ислам зерттеулері орталығының Төрағасы ханзада Түрки әл-Фейсал бен Абдель-Азиза әл-Саудпен кездесуіне қатысты.

Жүздесуге қатысушылар Сириядағы жағдай жөнінде пікір алмасты.

Өткізілген орны: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты, халықаралық кездесулер залы.

 

2017 жылдың 8 маусымында  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапур Парламентінің Төрағасы Халима Якобпен кездесуіне қатысты. Ол «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне өз елінің ұлттық делегациясын бастап келген болатын.

Қазақстан Парламенті жоғарғы палатасының басшысы Сингапурдың «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне белсенді қатысуын жоғары бағалады және осы елдің энергияның балама көздерін пайдаланудағы жетістіктерін атап өтті.

Әңгіме барысында сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық және жаңа технологиялар мен инновация саласындағы өзара екіжақты байланысты кеңейту мәселелері талқыланды.

Өткізілген орны: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты, халықаралық кездесулер залы.

 

2017 жылдың 25-30 маусымы аралығында депутат Ә.Бектаев Германия Республикасының Страсбург қаласында Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының үшінші бөлігіне қатысу мақстанда іс сапарда болды.

 

25-27 қараша 2017 ж. депутат Бектаев Ә.Ә.  Қазақстан Парламенті делегациясының құрамында, Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында іс сапарда болды.

Іс сапар мақсаты:  Екі ел арасындағы парламентаралық ықпалдастықтың басым бағыттары бойынша кездесулер мен келіссөздер өткізу.

 

31 мамыр 2018 ж. депутат Ә. Бектаев  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен Өзбекстан Республикасы Елшісімен кездесуіне қатысты .

Жүздесуге қатысушылар екі жақты қарым қатынас жөнінде пікір алмасты.

Өткізілген орны: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты, халықаралық кездесулер залы.

 

2019 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева бастаған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының делегациясы Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенконың шақыруы бойынша ресми сапармен Ресей Федерациясына келді. Делегаттар құрамында Әли Әбдікәрімұлы Бектаев болды. Ресми сапар аясында РФ-ның бірнеше лауазымды тұлғалармен кездесу өтті.

 

2019 жылы 5 қарашада Ә. Бектаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Д. Назарбаеваның Қазақстанға ресми сапармен келген Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесуіне қатысты.

Өзбекстан Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды стратегиялық серіктесі болып табылады. Тараптар өзара түсіністік пен тату көршілік бағытында қатынастарды одан әрі нығайтуға ниеттілігін растай отырып, елдер арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше мән беретіні атап өтілді. Инвестициялар, энергетика, туризм, өңірлік және шекара маңы ынтымақтастығы, транзиттік-көліктік өзара іс-қимыл мәселелері бойынша екі елдің өзара іс-қимылын одан әрі тереңдету үшін елеулі перспективалар бар. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстанның парламентаралық диалогы да жанданды. Оның ішінде парламентаралық ынтымақтастықтың бірлескен комиссиясын құру да бұған сеп болды.

Талқылау барысында реформаларды құқықтық қамтамасыз ету және әлеуметтік-экономикалық даму саласында тәжірибе алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру, сондай-ақ екіжақты шарттар мен келісімдерді қабылдау және ратификациялау процестерін жеделдету мәселелері қозғалды.

Кездесу соңында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенаты арасындағы 2019-2020 жылдарға арналған ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бірлескен «Жол картасына» қол қойылды.

 

2019 жылғы 21 қарашада ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Әбдікәрімұлы Бектаев Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Асқар Бейсенбаевпен бірге Минск қаласында өткен PRODEXPO халықаралық мамандандырылған көрме-жәрмеңкесіне қатысты.

Көрмеге сүт, ет, балық, ұн, бакалея тауарлары және басқа да азық-түлік түрлері, сондай-ақ өндірістік жабдықтар сияқты азық-түлік өнімдерін өндіретін 100-ден астам белорус компаниялары қатысты.

Содан кейін қазақстандық делегация «Картоп және жеміс-көкөніс шаруашылығы бойынша Беларусь Ұлттық Ғылым академиясының ғылыми-практикалық орталығы» республикалық біртұтас кәсіпорнына барды.

Сондай-ақ, Беларусь Республикасының ет өнімдерін өндіру бойынша тәжірибесін зерттеу шеңберінде қазақстандық парламентшілер "Слуцкий ет комбинаты" ААҚ-да болып, кәсіпорын басшылығымен кездесу өткізді.

 

2020 жылғы 16 қазанда Сенат депутаттары бейне конференция байланысы арқылы ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты.

Депутат Әли Бектаев Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Паралменттік Ассамблеясының Әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысына қатысты. Парламентшілер ұйымның қызметін реттейтін құжаттардың жобаларын және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының құрылымын өзгерту жөніндегі ұсыныстарды қарады.

 

2020 жылғы 12 қарашада Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясындағы тұрақты комиссиялардың кезектен тыс бірлескен отырысы бейне конференция байланысы сипатында болды.

Отырыс жұмысына Сенат депутаттары Әли Бектаев, Нұржан Нұрсипатов және Андрей Лукин қатысты.

Кездесу ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасын жақындастыру және үйлестіру жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ҰҚШҰ ПА қызметі бағдарламасының жобасын келісу мақсатында өтті.

Комиссия отырысы барысында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің кезекті отырысының қарауына ұсыныылатын ҰҚШҰ ПА қызметі бағдарламасының жобасы қаралды.

 

 

 

Бөлісу