Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Вопрос по чточнению РБ на 2018 г

25.10.2018 0

М.С.ЖҰМАҒАЗИЕВ

 

Сенат отырысы

СҰРАҚ

«2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша

25.10.2018                                                                                                     сағ. 10-00

Рахмет, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Менің сұрағым Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министріне

Құрметті Өмірзақ Естайұлы!

Күн тәртібінде, қаралып отырған Заң жобасында агроөнеркәсіп кешенін дамыту жолындағы мемлекеттік саясатты іске асыру аясында, «КазАгро» ұлттық басқару холдингі» Акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға қосымша 15 миллиард теңге қарастырылған.

Заң жобасын, Комитетте талқылау барысында қосымша қаржыны игеруге қатысты орынды сұрақтар туындады. Соған байланысты, «КазАгро» ұлттық басқару холдингінің мәліметтеріне қарағанда, 6,2 млрд. теңгенің 425 өтінімі қолдау тапты, және жалпы сомасы 5,9 млрд. теңге құрайтын 208 өтінім қаралу үстінде болса, қалған 3 млрд. теңгеге жуық қаржыға өтінім мүлдем түспеген. Демек, қосымша қарастырылған қаржының 9 млрд. теңгесін толық игеру күмән туғызады.

Осыған байланысты, мынадай сұрақ: Жылдың аяқталуына екі ай ғана қалғанын ескерсек, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін несиелендіру өтінімдерін рәсімдеу уақытының ұзақтығы, және басқа да кездесіп жататын қағазбастылық кедергі болмай ма? Жоғарыда қарастырылған қаржыны қысқа мерзімде тұтастай игеруге сенімді мүмкіндіктер бар ма және сол қаражат нақты алушының қолына жыл аяғына дейін жете ме?

Келесі мәселе – Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөнінде. 2013 жылдан бері осы бағдарлама бойынша қыруар қаржы қарастырылып келеді. Енді, кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша, пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға облыстық бюджеттерге бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер 15 млрд.теңгеден 12 млрд.теңгеге, яғни 3 млрд. теңгеге азайтылды.

Салалық министрлік өкілдерінің түсіндіруі бойынша, өз міндеттемелерін орындамаған (мерзімдерін кешіктіру немесе қайта қаржыландыру) ауыл шаруашылығы субъектілері қаржылық сауықтыру бағдарламасынан автоматты түрде шеттетілуіне байланысты 3 млрд. теңге қысқартылған.

Менің сұрағым мынадай:

Соңғы бес жылда қаржылық сауықтыру бағдарламасына қанша агроөнеркәсіп субъектілері қатысып, оның ішінде қаншасы тұрақты даму жолына түсті?

Қаржылық сауықтыру бағытында бұдан әрі неғұрлым тиімді жұмыс жасау үшін Министрлікте кешенді іс-шаралар жоспары бар ма?

Осы бағдарламадан шеттетілген ауыл шаруашылығы субъектілеріне бұрын берілген мемлекеттік қаржының жауапкершілігі кімнен сұралады?

Рахмет!

Бөлісу