Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Встреча В Каргалинском и Мугалжарском районах

11.04.2018 0

КЕЗДЕСУ ТАҚЫРЫБЫ – БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА

 

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Жұмағазиев Ақтөбе облысына жұмыс сапарын Көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінен бастап, Қарғалы ауданының Шәмші Қалдаяқов және Қосестек ауылдарында жалғастырды.

Сенатор Мұхтар Жұмағазиев ұжым алдында Елбасының әлеуметтік бес бастамасына байланысты әңгіме қозғап, оны халықтың зор құлшыныспен қолдап отырғанын мәлімдеді. Елбасы бұл жолы әлеуметтік негізгі мәселелерді түбегейлі шешудің жолдарын көрсетіп отыр.

Тұрғын үй мәселесін шешудің жолыұзақ мерзімге, төмен пайызбен несие беру. Әрине, баспана алу үшін бұған дейін де елімізде түрлі бағдарламалар бойынша несиелер беріліп келді. Алайда, несие пайызы өте жоғары болды және қысқа мерзімге берілді. Бұл халыққа аса тиімді болмады. Ал Президенттің әлеуметтік бастамасы бойынша несие 7 пайызбен, 25 жыл мерзімге берілмек. Бұл халыққа үлкен жеңілдік әкеледі. Мұндай пайызбен тұрғын үй үшін несие беру көп елде жоқ. Көрші Ресейдің өзінде 13 пайыз, — деді  сенатор.

Әлеуметтік бастаманың салықтың мөлшерін азайтуға қатысты бөлігі еліміздің тұрғындары тарапынан жаппай қызу қолдау тауып отыр. Бұған дейін он пайыз салық төлеп келсе, әлеуметтік бастаманың жүзеге асыру арқылы халықтың аз қамтылған бөлігі 1 пайыз ғана салық төлейтін болады.

Сенат депутаты Мұхтар Жұмағазиев:

Ал үшінші бастама әрбір оқу орны үшін мейлінше жақын болса керек. Ол негізінен арнаулы оқу орындарының жағдайын жақсартуды, грантты көбейтуді, студенттер үшін жатақхананы молайтуды  көздейді, - деді.

Осы сәтті пайдаланып, колледж басшысы Жеңіскүл Сағидоллақызы кезінде теміржол саласында жоғары білімді мамандар даярлайтын Алматы институтының филиалын колледждің оқу базасы негізінде қайта ашу жөнінде ұсыныс айтты.

***

Қарғалы ауданына сапарында сенатор М.Жұмағазиев ең бірінші Ш.Қалдаяқов ауылындағы «Бөбек» балабақшасына барды. Бұл жерде ол балабақша ұжымымен кездесіп, ондағы тәрбиеленушілердің жағдайымен танысты. Балабақша меңгерушісі Гүлнар Оспанованың айтуынша, он жылдан бері бос тұрған ғимарат 2006 жылы балабақшаға берілген. Қазір бұл ғимарат ең үздік мекемелердің қатарында тұр.

Сенатордың жергілікті халықпен кездесуі ауыл клубында ұйымдастырылды.

Депутат кәсіпкерлікті жаппай дамыту, халықтың кәсіппен шұғылдануына мемлекет тарапынан ерекше қолдау көрсетілетініне айрықша басымдық берді. Ол өз сөзінде ел аумақтарына көгілдір отын жеткізудің маңыздылығын ерекше атады. Соның айқын көрінісісоңғы жылдары Қарғалы ауданының бірнеше елді мекеніне газ жүргізілді.

М.Жұмағазиев Елбасы Жолдауын, Президенттің бес бастамасының мәні мен маңызын түсіндіріп қана қоймай, осы бағытта Сенатта атқарылып жатқан жұмыстардың жайын да тілге тиек етті.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары депутатқа көкейлеріндегі сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.

— Қазір ауылдарда орта буын мамандар тапшы. Ауылдарға барып, жұмыс жасағысы келетін мамандарды біз баспанамен қамти алмаймыз. Сондықтан жастардың қызығушылығын арттыру үшін ауылдарда тұрғын үй құрылысын көптеп салуымыз керек және ауыл фермерлеріне техниканы рәсімдегендей, тұрғын үйді де лизингке рәсімдеуге жағдай жасауымыз керек, — деді М.Жұмағазиев.

Бұдан кейін М.Жұмағазиев Қосестек ауылы тұрғындарымен де кездесті. Ауылдағы «Қос-Естек» ауылдық тұтыну кооперативінің жұмысымен танысты. Кәсіпорын қарапайым тұрғындардан сүт қабылдайды. Тұтыну кооперативі иелігінде қуаттылығы 4 тонна болатын сүт қабылдау пункті жұмыс жасайды. Бұдан бөлек 87 ірі қара өсіреді. Өз техникалары тағы бар. Кооператив басшысы Еркін Өтегенов  қазіргі күні «Айс» ЖШС-не сүт тапсыру үшін келісімшарт жасалғанын айтты. Өткен жылдың желтоқсан айында кооперативте сүт өндіретін шағын цех іске қосылған. Қазір цех толық қуатында жұмыс жасап тұр, инфрақұрылым тартылған. Жыл басынан бері мұнда 1 тоннаға жуық сүт өнімдері өндірілген. Атап айтқанда, жергілікті ірімшік, сүзбе, қаймақ пен майға сұраныс жоғары болып тұр. Цех өнімдері Ақтөбе қаласындағы сауда нүктелерінде сатылымға шығарылады.  

***

Мұғалжар ауданында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Жұмағазиев бірқатар әлеуметтік ғимараттарды аралап, халықпен кездесті.

Сапар аясында халық қалаулысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, Қандыағаш қаласындағы жаңадан салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына барды.

Содан соң жеке кәсіпкер Қуандық Төлегеновтің табиғи ауызсу шығаратын және «Қандыағаш Коммерц Групп» ЖШС иелігіндегі  шұжық өңдеу цехтарында болды.

Аудандық жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінің жаңа модельдегі жұмысының жай-жапсарын біліп, биыл ашылған Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінің жатақханасында да болды. Қандыағаш қаласындағы №1 орта мектептің ұжымымен сұхбаттасты.

М.Жұмағазиев жұмыс сапары барысында аудан активімен, сондай-ақ  кәсіпкерлермен, шаруа қожалықтарының иелерімен кездесті.

 

 

Бөлісу