Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Балық шаруашылығын дамыту мәселелері

14.11.2019 0

14 қараша 2019 жыл, бейсенбі. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов балықшылардың Каспий теңізі мен Жайық өзенінен балық аулау мерзіміне және жыл сайынғы лимит белгілеуге байланысты орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, ғылыми инститтуттар және балық шаруашылығы кооперативтер басшыларының қатысуымен кеңес өткізді. Бұл екі сұрақ бойынша ғылыми негіздеме қорытындылары бойынша ортақ келісімге келді. Кеңеске ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Е. Нысанбаев, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Н. Жүнісов, Атырау облысы балық шаруашылығы басқармасының басшысы А. Сәдібекұлы, ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі Е.Салханов, «Аманкелді» ӨК Басшысы М. Әмірғалиев, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» АҚ «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас директоры Қ. Исбеков, «Қолданбалы экология агенттігі» ЖШС өндіріс бойынша директоры Ф. Климов тағы да басқа адамдар болды.

Қабылданған шешім балықшылар табысы мен тұрмыстарына оң ықпал ететін болады.
Бөлісу