Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Заң жобасын комитеттің кеңейтілген отырысында талқылады

27.11.2019 0

«Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының негізі 2018 жылғы 29 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында қол қойылған шарт болуда.

Шарт екі ел арасындағы қылмыстық құқық қатынастарында құқықтық ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.

Шарттың талаптарына сай сотталған адамның жазбаша келісімі бойынша, сұрау салу алынған кезде сотталған адамға қатысты шығарылған үкім заңды күшіне енсе және сотталған адамның жазасын өтеуге тиіс уақыт кезеңі кемінде бір жылды құраса, жазасын одан әрі өз отанында өтеуге мүмкіндік береді.Қазіргі ақпаратқа сәйкес Қазақстанда Моңғолияның бес азаматы жазаларын өтеп жатыр, ал Моңғолияда сотталған Қазақстан азаматтары жоқ.

Қазақстанмен осыған ұқсас шарттар 21 елмен жасалған (Мысалы, Украина, Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және т.б.).

Бұдан басқа, бүгін Бас прокуратура осындай келісімдерді Вьетнаммен, Кипрмен, Перумен, Аргентинамен және Доминикан Республикасымен жасасу мүмкіндігін пысықтауда.

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, осы Шарт адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтындықтан, ол ратификациялауға жатады.

Шартты ратификациялау екі мемлекет үшін өзекті болып табылады, себебі қазіргі таңда Қазақстан үшін біздің азаматтарымыздың шетелде құқықтық қорғалуын күшейту аса маңызды. Ұсынылып отырған Заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаражатты қажет етпейді.
Бөлісу