Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

2017 жылғы 2 қарашада РФ Санкт-Петербург қаласында өткен Мемлекеттік құрылыс және жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін зерделеу бойынша ТМД қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы тұрақты комиссиясының отырысына қатысты

07.11.2017 0

Мемлекеттік құрылыс және жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін зерделеу бойынша ТМД қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы тұрақты комиссиясының отырысына

анықтама

 

 

Стратегиялық жоспарлау және болжамдау құжаттарына қатысты («Стратегиялық жоспарлау және болжамдау құжаттарына қатысты туралы» модельдік заң жобасы туралы 5.т)

Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік жоспарлау жүйесі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлықтарымен реттеледі.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі ережелерін, құжаттарын, қағидаларын, процестерін айқындайды.

Анықтама:

 Мемлекеттік жоспарлау жүйесі мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) бірыңғайлық пен біртұтастық - мемлекеттік жоспарлау саласындағы заңнаманың, Мемлекеттік жоспарлау жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаттарының бірыңғайлығы, мемлекеттік жоспарлау процесін жүзеге асыру тәртібінің бірыңғайлығы;

2) ішкі теңгерімділік - Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының даму мақсаттары, міндеттері және нәтижелер көрсеткіштері бойынша өзара келісілуі;

3) нәтижелілік және тиімділік - мақсаттарды, міндеттерді және нәтижелер көрсеткіштерін таңдау барынша дұрыс (нәтижелі) болуға, ағымдағы ахуалды терең талдауға және қойылған нәтижелерге ресурстарды барынша аз жұмсай отырып қол жеткізу қажеттілігіне негізделуі тиіс;

4) міндеттерді шешу жолдарын таңдау дербестігі - мемлекеттік жоспарлау процесіне қатысушылардың өз құзыреті шегінде мақсаттарға қол жеткізу жолдары мен әдістерін таңдаудағы және елдің даму міндеттерін шешудегі дербестігі;

5) мемлекеттік жоспарлау процесіне қатысушылардың жауапкершілігі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде міндеттерді шешудің тиімсіздігі және күтілетін нәтижелерге қол жеткізілмегені үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету;

6) айқындық (ашықтық) - мемлекеттік құпияларға жататын ақпаратты қамтитын ережелерді қоспағанда, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын міндетті түрде жариялау;

7) анықтық және шынайылық - Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгіленген даму мақсаттарына қол жеткізудің негізделген мүмкіндігі, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау процесінде пайдаланылатын  нәтижелер көрсеткіштерінің негізділігі;

8) үздіксіздік, сабақтастық және дәйектілік - Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің сатылы сипаты, яғни жоғары тұрған құжаттардың мақсаттарына, міндеттеріне, нәтижелер көрсеткіштеріне табысты қол жеткізу төмен тұрған құжаттарды жоспарлау мен олардың мақсаттарына, міндеттеріне, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізудің сапасына және уақтылығына байланысты, сондай-ақ оның жұмыс істеуінің үздіксіз тетігі;

9) ресурстық қамтамасыз етілу — қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының негізгі бағыттары бойынша қаржыландыру көздері мен көлемін, адами, басқа да материалдық және материалдық емес ресурстарды айқындау.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері  туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен  Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру,
мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу қағидалары бекітілді.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына мыналар жатады:

1) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы;

2) Қазақстан Республикасының 10 жылға арналған стратегиялық даму жоспары, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасы;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясы;

4) 5 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;

5) 5-10 жылға арналған мемлекеттік бағдарламалар;

6) салалық бағдарламалар;

7) мемлекеттік органдардың 5 жылға арналған стратегиялық жоспарлары;

8) өңірлерді дамытудың 5 жылға арналған бағдарламалары;

9) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың (бұдан әрі - ұлттық компаниялар) 10 жылға арналған даму стратегиялары.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесін құрудың шешуші қағидаты үздіксіздік, сабақтастық және дәйектілік - Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің сатылы сипаты, яғни жоғары тұрған құжаттардың мақсаттарына, міндеттеріне, нәтижелер көрсеткіштеріне табысты қол жеткізу төмен тұрған құжаттарды жоспарлау мен олардың мақсаттарына, міндеттеріне, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізудің сапасына және уақтылығына байланысты, сондай-ақ оның жұмыс істеуінің үздіксіз тетігі болып табылады.

Мемлекеттік жоспалау жүйесіндегі үйлестіруші орган мемлекетік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі болып табылады,  оның құзыреті «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығында айқындалған.

Мемлекет басшысы мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 3 шілдедегі Констиицялық Заңында мемлекеттік жоспарлау жүйесін айқындау құзыретін Қазақстан Республкиасы Үкіметінің деңгейіне берді.

Осылайша, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Конституциялық Заңының 9-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес қазір Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесін айқындайды.

Бүгінде Қазақстан Республикасының Үкіметі жоғарыда көрсетілген Заңды іске асыруда «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі және ол  Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне келісуге берілді.

 

Азаматтық қызметке қатысты («Мемлекеттік азаматтық және муниципалдық қызметі туралы» модельдік заң жобасы туралы 6.т)

Қазақстан Республикасындағы азаматтық қызмет – азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі деген түсінікті білдіреді (Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 1-бабының 1) тармақшасы).

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде  азаматтық қызметші – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам ретінде регламенттеледі (Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 1-бабының 2) тармақшасы).

мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтылатын ұйымдардың азаматтық қызметшілерінің, жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді (Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 15-бабының 4) тармақшасы).

Осыған байланысты, азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен регламенттеледі.

Бұл ретте, осы нормативтік құқықтық актімен, сондай-ақ, азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарының сыныптамасы функционалдық блоктар бойынша регламенттеледі.

Азаматтық қызметке, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге,  ұлттық даму институттарына,  ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларға, сондай-ақ еншілес ұйымдарға басқарушылық функцияларды орындауға байланысты лауазымдарға түскен кезде  еңбек  шартын жасасу  талаптарының бірі сыбайлас жемқорлықты қылмыс жасағаны туралы  мәліметтердің барлығы немесе жоқтығы туралы анықтаманы  тапсыру болып табылатынын  атап өту керек (Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 32-бабының 3) тармақшасы).

Осылайша, азаматтық қызметшілердің қызметі Заң деңгейінде сияқты Заңға тәуелді актәілер деңгейінде де Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджеттік ұйымдардың кадрлық саясатына меритократия қағидаттар енгізу қарастырылатын «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның жобасын әзірлеуді бастауды тапсырылды.

Сонымені бір мезгілде «Азаматтық қызмет туралы» Заң жобасын әзірлеудің орындылығын қарау барысында Үкімет Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша азаматтық қызмет саласындағы  меритократия қағидаттарын енгізу мәселесін жеке заң қабылдамай қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу арқылы шешу керек деп шешті.

 

Мемлекеттік мүлікке қатысты («Мемлекеті, оның субъектілері мен муниципалдық құрылымдар арасында мүліктінің аражігін ажырату қағидаттары туралы» модельдік заң жобасы туралы 9.т)

Қазақстан Республикасының Коонститукциясы мен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік түрінде  болады.

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқарудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік мүлікке құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негіздерін айқындайды және мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесінің құқықтарын және өзге де құқықтарды иеленушінің тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған.

Заң мемлекеттің мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы құқықтары мен міндеттерін айқындайды, мемлекеттің меншік құқығында мемлекетке тиесілі мүлікті иеленуді, пайдалануды және оған билік етуді қоса алғанда, мүліктік құқықты жүзеге асыру тәртібін, мемлекеттік мүлікке, оның ішінде мүлікті мемлекет меншігіне алу және жекешелендіру кезінде құқықтарға ие болу және тоқтату, сондай-ақ жеке тұлғалардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың оларды иелену және (немесе) пайдалану тәртібін белгілейді.

Бұдан басқа, Заң мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті, акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестерін және өзге де мемлекеттік мүлікті басқару тәртібін белгілейді

Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі болып табылады, ол өз құзыреті шегінде республикалық мүлікті басқару, мемлекеттің республикалық мүлікке құқықтарын іске асыру, стратегиялық мәні бар экономика салаларындағы меншікті, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітілген мүлікті қоспағанда, стратегиялық объектілерді жекешелендіру және мемлекеттік мониторинг саласында басшылықты жүзеге асырады.

Мемлекеттік мүліктің түріне қарай (республикалық және коммуналдық) мемлекеттік мүлікті басқару субъектілері Қазақстан Республикасы, коммуналдық мүлік - әкімшілік-аумақтық бірлік болып табылады

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттік мүлікті басқаруды ұйымдастырады және республикалық мүлікті басқарады.

 «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың түпкілікті тізбесі берілген, олардың құзыреттері мен өзара іс-қимыл тетіктерінің аражігі нақты ажыратылған.

Мемлекеттік мүлікті басқару жүйесі мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл тетігі  екі деңгейден тұрады:

1) орталық деңгей – Үкімет, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және  басқару органының функцияларын жүзеге асыратын салалық мемлекеттік органдар.

2) облыстық деңгей, аудандық, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ – мәслихаттар және облыстар әкімдіктері (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан әкімдіктері (облыстық маңызы бар қалалар), бюджеттің орындалуы мен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар, тиісті салалардың жергілікті уәкілетті органдары, аудандық маңызы бар қала әкімінің, ауыл, кент, ауылдық округ аппараттары.

 

Бөлісу