Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Балық шаруашылығындағы инновациялық даму перспективалары және қазіргі жай-күйі, экспортқа бағытталған өнім шығару мәселесі» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен кездесу

25.05.2018 0

25 мамыр 2018 жыл

 

«Балық шаруашылығындағы инновациялық даму перспективалары және қазіргі жай-күйі, экспортқа бағытталған өнім шығару мәселесі» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен кездесудігі

Сенатор С. Еңсегеновтыңбаяндамасы

 

Кұрметтi Сенаторлар және жиынға қатысушылар!

 

ҚР Парламентi Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсiпкерлiк комитетi өте өзектi мәселенi талқылауға шығарып отыр.

Күн тәртiбiндегi: «Балық шаруашылығындағы инновациялық даму перспективалары және қазіргі жай-күйi, экспортқа бағытталған өнiм шығару мәселесi» бұл тек инновация, экспорт және кәсiпкерлiк сұрақтарымен шектелмейдi. Оның ауқымы кең. Бұл ең алдымен адамдардын элеуметтiк жагдайымен байланысты. Бұл туракты жұмыс орындары, лайыкты енбек акы, кауыпсiз ондiрiс. Сол сиякты, жогары енбек онiмдiлiгi, адам агзасына кажет сапалы тагам түрлерi. Бұл мемлекеттiн орта және шагын кэсiпкерлiктi, ауылшаруашылығындагы ондеушi кэсiпорындарды дамыту жонiндегi саясатынын аса манызды багытынын бiрi деп санаймын.

 

Откен гасырда, Кенес Одагы тусында балық шаруашылығы Қазақстанда ен жогары денгейде дамыган сала болды. 1991 жылы балық аулау мен балық онiмдерi ондiрiciнiн жалпы колемi 80 мын тоннадан асты. Оның iшiнде тогандык балық аулау - 8,8 мын тоннаны кураган. Барлык облыстарда балық зауыттары мен балық комбинаттары, бiрнеше ондiрicтiк бiрлестiктер болды. Балық шаруашылығын тиiмдi басқарудың мемлекеттiк жүйесi курылды. Кенес Одагына кiретiн 15 республикасынын 3-де гана Балық шаруашылығы министрлiгi курылып жұмыс жасады. Соның бiрi Қазақ республикасында курылып  жогары тиiмдiлiкпен жұмыс icтедi.

Өкiнiшке орай осындай калыптаскан,  экономиканың жетекшi саласына айналған республикадагы балық шаруашылығы нарықтық жүйеге көшкен кезде кұлдырауға ұшырады.

 

Мемлекет бұл саланы дамытуға бағытталған ic шараларды 2000 жылдын бас кезенiнен бастап қолға ала бастады. Үкiмет балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган ретiнде Балық шаруашылығы Комитетiн құрды (N714 Қаулы 18.07.2003ж). Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудын 2004-2006 жылдарға арналған Бағдарламасы қабылданды. Сонымен бiрге, ҚР Үкiметi 2006 жылы 6 қазанда "Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған"  тұжырымдамасын мақұлдап бекітті. Тұжырымдама ҚР Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi N 302 Қаулысымен күшi жойылды.

 

Аталған бағдарлама мен мерзiмiнен бұрын күшi жойылған Тұжырымдама белгiлi бiр деңгейде балық шаруашылығының қалпына келiп дамуына септiгiн тигiздi. Саланың жай күйiне талдау жасалып, оның дамуына кедергi болып отырған себептер анықталып, заңнамалық база жетiлдiрiлiп, балық ресурстарын мемлекеттiк басқару және қорғау жүйесiн реттеу қолға алынды.

 

Дегенмен, бұл саланың мүмкiндiгi толық пайдаланылмай отыр. Қазақстан балық шаруашылығы су қорына бай, Каспий тенiзiн коспаганда су тогандарынын жалпы ауданы 5 млн. гектар шамасында.

Осыган карамастаң,  балық тутынудын ғылыми негiзделген бiр адамга шакканда жылына 14,6 кг нормасы 2000  жылдары 4,3 кг дейiн тусiп кеткен. Бұл корсеткiш казырде 10 кг. жетпейдi. Балық онiмдерiне кажеттiлiктi канагаттаңдыру үшін балық аулауды, тауарлык балық осiру мен балық импортын жылына кем дегенде 272,0 мын тоннага дейiн жеткiзу кажет.

ҚР Ауылшаруашылығы министрлiгiнiң ақпаратына сәйкес 2017 жылы  бар жоғы 45 мың тонна балық ауланған. Бұл Кеңес Одағы тарау қарсаңындағы ең бiр қолайсыз жылы елiмiзде ауланған балық көлемiнен екi есе аз.

 

Елiмiзде балық өнiмiне сұраныс жоғары, оны дамыту мүмкiндiгi де зор. Ендеше осы саланың орнықты дамуына, бәсекеге қабылеттi болуына, импортты алмастырып, экспортты ұлғайтуына не кедергi деген сұрақтың тууы заңды.

 

Менiң ойымша бұған жүйелi түрде шешуді қажет ететін бiрнеше себептер бар.

Бiрiншiден: балық ресурстарын мемлекеттiк басқарудың тиiмдi жүйесi жоқ. Тәуелсiздiк алған 26 жылдын iшiнде балық жонiндегi орталык мемлекеттiк орган бiрнеше рет курылымдык өзгерicтерге ушырады. Осы уакытта ол бiрнеше министрлiктердiн курамында болды. Қазіргі уакытта ол Ауылшаруашылгы министрлiгiнiн ораман шаруашылгы және жануарлар дуниесi комитетiне бiрiктiрiлген. Балық деген сөздiн комитет атауында жоқ екенiн өздерiнiз байкап отырган шыгарсыздар. Комитеттің 7 басқармасынын бiрi ретiнде Балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу Басқармасында 9 штаттык бiрлiк карастырылган. Ал балық ресурстарын калпына келтiру және аквакультура Басқармасына 5 штат бiрлiгi берілген. Бұл Комитеттің қаржы басқармасында жұмыс iстейтiн адамдар санына тен. Экономиканың тұтастай саласын аяғынан тұрғызу, оған ғылыми негiздеме дайындау үшiн бұл жеткiлiксiз. Балық ресурстарын баскару жөнiндегi  орталық мемлекеттiк органнын туракты болмауы, оның қазіргі уакыттағы мэртебесiнiн томендiгi аталған салада нэтижелi мемлекеттiк саясатты жургiзуге кол байлау болуда.

Жогарыда атап откен Багдарлама мен Тужырымдамада балық шаруашылгы жонiндегi орталык мемлекеттiк органнын окiлеттiктерiн кенейтiп, оның курылымын жетiлдiру кажеттiлiгi айтылган.

Iс жузiнде бэрi керiciнше жасалуда. Мен Укiметке балық шаруашылығынын элеуметтiк-экономикалык маныздылыгын ескере отырып өз алдына дербес Агенттiк куру кажеттiлiгiн айткан болатынмын. Бугiнде де осы пiкiрдемiн, егер Сiздер карсы болмасаныздар балық шаруашылығына жауапты орталык дербес мемлекеттiк орган куру туралы жиналыстын хаттамалык шешiмiне енгiзу туралы усыныс беремiн.

 

Екiшiден балық шаруашылгын дамыту жонiндегi терен ғылыми негiзделген багдарламанын немесе накты ic шаралар жоспарынын болмауы. Тэуелсiздiк жылдарында ауыл шаруашылык кешенiн дамытуга арналған 9  багдарламалык кужат эзiрленген. Соның өзінде ауылшаруашылығындағы қордаланған мәселелер толықтай шешілген жоқ. Ал балық шаруашылығына катысты 2004-2006 жылдарга арналған бiр-ак багдарлама эзiрленіп, оның да кейбiр талаптары толық орындалмаган.  Колданыстағы Қазақстан Республикасынын агроонеркэсiптiк кешенiн дамытудын 2017-2018 жылдарга арналған мемлекеттiк багдарламасы 129 беттен туратын аукымды кужат. Осы кужатта балық шаруашылығынын жай куйi уш-ак абзацтаң туратын акваосiру мәселесiмен шектелген.

Алдагы уакытта осы мемлекеттiк багадараманын аясында немесе өз алдына болек арнайы жоспар кабылдау кажет.

 

Үшiншiден  балық шаруашылгы кэсiпорындарына берiлетiн мемлекеттiк колдау түрлерiн жетілдіру керек. Бұл эсiресе балық онiмiн ондейтiн және экспортка шыгаратын кэсiпорындар үшін манызды. Аталған колдау тек тауарлык балық осiушiлермен шектелмеуi керек. Су айдындарынан балық аулайтын балық шаруашылыктарынын материалдык-техникалык базасын жаксарту осы саланын каркынды дамуына серпiн берерi сөзсiз.

 

Төртiншiден заңнамалық актiлердi жетiлдiру. Балықшылар үшiн аса маңызды мәселенiң бiрi жыл сайын балық аулауға берiетiн лимиттiн (квотаңын) уақытында шықпауы. ҚР "Жануарлар дуниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Заңының 9 бабына сәйкес лимиттi бекiту ауылшаруашылығы министрлiгiнiң құзыретiнде. Бұрын бұл Үкiмет қаулысымен бекiтiлетiн. Заңда немесе өзге де нормативтiк актiде лимиттi бекiту мерзiмi қарастырылмаған. Осыған байланысты лимитттi бекiту туралы акт наурыз айының аяғында, кейде сәуiр айының бас кезiнде  ғана қабылданып жүрдi. Бұл балықшылардың бiр айдың үстiнде жұмыссыз отырып, жоспарлы табыстарын ала алмауларына себеп болуда, Көктемгi балық аулау мерзiмiнiң қысқа екенiн ескерсек аталған мәселе балықшылар үшiн айрыкша манызды. Сондыктаң лимит бекiту уакытын агымдагы жылдын караша - желтоксан айынан калдырмай кабылдау кажет. Оны зандастыру дурыс. 

Сонгы 4-5 жыл қатарынан мен Ауылшаруашылық, Энергетика және Эдiлет министрлiктерiнiн және табиғат пайдаланушылар арасында осы мәселені шешу үшін жүруіме тура келуде. Бұндай жағдай болмауы керек.

 

Су айдындарыын ерекшелiктерi мен табигат жагдайын ескере отырып балық аулаудын икемдi жолдарын карастырган дурыс. Устiмiдегi жылы Атырау облысында Жайык және Қиғаш өзендерiнде муз кеш тустi. Осыган байланысты балық аулау мерзiмi, эсiресе Жайык өзенiнде 15 кун шамасында гана мумкiн болды. Балықшылар осындай кезендерде балық аулау уәкілетті органның мерзiмiн аумактык басқармалары аркылы узарту мумкiндiгiн карастыру керек деген пiкiрде.

Жайык өзенiнен балық аулауга 25 мамырга дейiн рұқсат беру мәселесi де откiр. Кенес Одагы кезiнде ондай тэжiрибе болган.

 

Осы жерде Атырау облысынын ерекшелiгiне токталгым келедi. Атырау облысында балық Каспий тенiзi мен Жайык және Қиғаш өзенiнен ауланады.  Бұл онiр Жайык-Каспий бассейнi деп аталады. Бiрак Жайык өзенi мен Қиғаш өзенiнiн табигаты, биоресурстары, ауа райы, жер бедерi бiр-бiрiнен өзгеше. Қиғаш өзенi Едiл өзенiнен шыгатын үлкен бiр саласы. Қиғаштын өзi де бiрнеше өзендерге болiнедi. Бұл су айдынына бекiре тукымдас балықтар шыкпайды. Осыган байланысты оны екiге, ягни Жайык-Каспий және Қиғаш-Каспий бассейнi деп болген онтайлы.

 

Қиғаш өзенi Ресеймен шектесiп жаткан трансшекаралык өзен. Одан екi мемлекеттiн де балықшылары балық аулайды. Осыган карамастаң балық аулау ережелерi мен балық шаруашылыктарына койылатын талаптары эр турлi. Осы жылдын сэуiр айында мен Астрахань каласында болып облыс басшылыгы, ғылыми зерттеу институы, балық кэсiпшiлiгiндегi адамдарымен кездесу откiздiм. Оган Қазақстан жагынан да жауапты адамдар катысты. Кездесу Ресейдiн заннамалык актiлерiнiн балықшылар үшін тиiмдi екенін корсеттi.

Бiрiншiден оларга лимит 15 жылга бекiтiлiп берiлген. Ал бiзде лимит жыл сайын бекiтiледi. Лимиттiн узак мерзiмге бекiтiлуi балық аулаушыларды ондiрicтi дамытуга, оган қаржы ынталандырады.

Екiншiден, биоресурстарга төленетiн төлем айырмаылыгы оте үлкен. Егер Каакстаңдык балықшылар балықтын 1 кг. 35 тенге төлесе, Ресей балықшылары үшін тенгеге  шакканда 1 кг. балықка 80 тиын молшерiнде белгiленген. Бұл соманы бiздiн балықшылар лимит алған кезде толық 100 пайыз алдын ала төлеуi керек. Ал Астрахань балықшылары тиicтi төлемнiн 10 пайызын төлеп, калғанын жыл бойына болiп-болiп төлеу мумкiндiгiне ие.

Сол сиякты, Ресей балықшылары Қиғаш өзенiнен балықты 24 сағат, ягни тэулiк бойы аулайды. Зан тургысынан оларга еш шектеу койылмаган. Ал бiзде балық аулау уакыты таңертенгi сағат  8-ден кешкi 8-ге дейiн. Бiр өзен арнасынан балықты аулаудын екi турлi режимi Қазақстандык балықшылар үшін тиiмсiз екенi белгiлi. Шын мәнiнде бұл  келiп турган табысынды өз колынмен ботенге бергенмен бiрдей. Буны жергiлiктi балықшылар тусiнбеуде және тусiну де мумкiн емес.

Тағы бiр үлкен мәселе ауланған балықтарды түнгi мезгiлде алып журу. Қазіргі тәртiпке сэйкес Қиғаш өзенiнен балықты тасу таңертенгi сағат 8-ден кешкi 8-ге дейiн рұқсат етiледi. Балық тез бузылатын онiм. Оны тенiзден және тенiз тамагынан, өзен бойынан аулап, жинап балық сақтау және ондеу орындарына жеткiзгенше 10 сағаттын үстiнде уакыт кетедi. Оның үстiне оны 12 сағат шекаралык шепте устап туру балықшылар үшін үлкен кауып-катер. Кей жагдайда ол бiрнеше тонна балықтың жарамсыз болуына соқтыруда. Ал балық өнiмдерiн түнiмен ұстау үшін мұз  тасып әкелiп салу немесе баска да салкындату жұмыстарын жүргiзу қосымша шығынды етедi. Ол өз кезегiнде тауардың өзiндiк құнының өсуiне әкеледi, яғни бәсекеге қабылеттiлiгiн төмендетедi.

Ресей Федерациясында Астрахань облысында балық аулау уакытында кемелердiн түнде жүруiне рұқсат берiлген. Ресей шекарашылары жағдайға орай губернатордын және балықшылардын усынысына колдау бiлдiруде.

Сонымен бiрге, Ресейде құндылығы аз балықтарды аулау квотасы жергiлiктi аткару органдарына берiлген және аулау молшерiн табигат пайдаланушы аныктайды. Бұл үшін ешкандай төлем төлемейдi. Ал бiзде ол Министрлiк каулысымен бекiтiлiп , квотадан аскан жагдайда үлкен молшердегi айыппул төлеуге мэжбурлейдi.

Курметтi Сенаторлар Қиғаш өзенiндегi екi мемлекеттiн кукыктык режимдерiн бiрегейлендiру кезек куттiрмейтiн мәселе. Оны уэкiлеттi орган ауылшаруашылгы минстрлiгi, мемлекеттiк шекара кызметi де тусiнушiлiкпен кабылдап кажеттi шаралар алады деп сенемiн. Осы жерде ескеретiн жай Ресей Федерациясының ұстанымы. Астрахань қаласында Каспий балық шаруашылығы ғылыми институты (КаспНИРХ) жұмыс жасайды. Бұл Патшылык Ресей кезiнде құрылған, ғылыми мамандары мен материалдық-техникалық базасы қуатты зерттеу орталығы. Институт мамандарының пiкiрiнше Волга-Каспий бассейiнде қалыптасқан балық аулау режимi балық қорының өсiмiне зиян келтiрмейдi. Сол себептi олар бұл режимдi өзгертуге негiз жоқ деген ойларын бiлдiрдi. Бұл ретте бiзге ортак шешiмге келгенше балық аулауды Ресей тарапынын Қиғаш өзенiндегi ережелерi мен тәртiбiн ескере отырып жургiзуге рұқсат беру керек.

 

Бесiншiден Тауарлы балық осiрудi ынталандыру үшін ен алдымен мемлекеттiк колдау түрлерiн және оның тетiктерiн жетiлдiру керек. Сонымен бiрге, экiмшiлiк кедергiлердi жойып, колданыстағы занамалык актiлерге жедел өзгерicтер енгiзiп, кажеттiлерiн тез кабылдау кажет.

Жалпы iрi аукымдагы кэсiпшiлiк балық аулау мен онiм шыгаруды мемлекеттiк колдаусыз жургiзу киын. Элемдiк тэжiрибеде ЕО косканда, Жапония мен Норвегияда балық шаруашылығы манызды мемлекеттiк колдауга ие. Бұл елдерде субсидиялардын бюджеттiк, бюджеттен тыс, салааралык, iшкi ренталык төлемдердi  томендетуге багытталған түрлерi кенiнен колданылды. Балық аулауга жұмысалатын субсидиялардын коп болiгi дамыган елдердiн улесiнде. Балық шаруашылығы саласындагы бұл елдердiн және Кытай мемлекетiнiн жалпы субсидиялар колемiндегi улесi 75 пайызды курайды.

Кеше Сенат торагасы К. Токаев бастаган бiр топ Сенаторлар Атырау облысында болып ондiрic орындарын аралап кайтты. Соның iшiнде, бекiре тукымдас балық осiретiн "Caspian Royal Fish" ЖШС - де болдык. Жобанын куны 1,164 млн тенге, қаржынын жартысын өз есебiнен салған. Калғанын мемлекеттiң колдау қаржысы. Компания уылдырык жасап шет елге шыгара бастаган. Бiрак бекiре тукымдас балықтын аналыгын Жайык өзенiндегi бекiре балыгынан алуга рұқсат жоқ. Компания кызметкерiнiн айтуынша тиicтi нормативтi кужат дайын емес. Осыган байланысты аналык балыгын Ресейден, тiптi Польшадан алуга мэжбур.

Осыдан 12 жыл бурын Укiмет каулысымен макулданган Тужырымдамада тауарлы балық осiрудi уйымдастыру және дамыту, бекiре осiрудi коса алғанда 2015 жылга дейiн 10 мын тоннага дейiн жеткiзу жоспарланган. Бiрак накты жоспар, шаралардын icке аспауынан бұл орындалмады.  2017 жылы Қазақстанда барлыгы 2700 тонна тауарлы балық осiрiлген. Егер бұл салага дұрыс көңiл бөлiнiп қолдау жасалмаса 2021 жылға тауарлы балық өсiрудi 5 мың тоннаға жеткiзу туралы болжамның icке аспауы әбден мүмкiн.

Алтыншы балық қорын қорғау жұмысына байланысты. Бұл мәселеде ең бастысы материалдық техникалық қамту. Республикалық бюджеттен жеткiлiктi қаржының бөлiнбеуiнен жергiлiктi жердегi инспекциялардың тиiмдi және нәтижелi жұмысын ұйымдастыру қиын. Тек Атырау облысы бойынша моторлы қайықтан - 47, кiшiкөлемдi су транспортынан - 37 жетiспесе, теңiз транспорты мүлдем жоқ (қажет 4), авторанспорт бойынша 4 техника керек.

Аталған техниканың облыстық бюджеттен алып беруге қолданыстағы заңнама рұқсат етпейдi.

Инспекция қызметкерлерiнiң жұмыс уақыты сағат 9.00-18.30 аралығында белгiленген. Бұл уакыттан тыс мезгiлдегi және түнгi уақыттағы жұмыс үшін қосымша қаржы төлеу қарастырылмаған. Iс жүзiнде инспекторлар екi үш күн су бойында жүредi, заңсыз балық аулаушылардың алдын алу, ұстау үшін түнде де жұмыс жасайды. Транспорт құралдары жетiспейтiндiктен кейде жеке су көлiктерiн пайдаланады. Инспекторлар балық қорын қорғау мен бiрге орман, жануарларды қорғау iciне де жауапты. Осыған байланысты олар су бойынан 300 - 500 км қашықтықтағы құм арасындағы киiктердiң немесе өзге де аңдардың заңсыз аулануын тексеруге шығады. Бұндай жағдайда балық қорын қорғау жұмысының сапасы да кемитiнi түсiнiктi.

Құрметтi Сенаторлар мен негiзгi деген сұрақтарға тоқталдым. Менен кейiн сөйлеушiлер, табиғат пайдаланушылар ұсыныс пiкiрлерiн айтып толықтырады деп ойлаймын.

Назарларыңызға рақмет.

Бөлісу