Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

XVI Халықаралық Атырау құқықтық конференцияның жұмысына қатысты

26.04.2019 0
Құрметті форумға қатысушылар, мәртебелі қонақтар

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты

Сәрсенбай Еңсегенов Атырау облысы Атырау қаласында өткен «Жер қойнауын пайдалану – Қазақстан Республикасы экономикасының негізі» атты XVI Халықаралық Атырау құқықтық конференциясының жұмысына қатысты.

Конференция барысында қатысушыларға ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Д.Н. Назарбаеваның құттықтау сөзін оқыды.

 

Құрметті конференцияға қатысушылар, мәртебелі қонақтар!

 

Атырау облысында өтіп жатқан еліміздің жер қойнауын пайдалану мәселелеріне арналған дәстүрлі халықаралық құқықтық конференцияның ашылуына байланысты шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаев ел экономикасының әлеуетін еселеуге қомақты үлес қосатын жер қойнауын пайдалану саласына айрықша мән беріп, осы салаға барынша қолайлы жағдайлар жасауға үндеп келеді.

Елбасы тапсырмасымен халықаралық тәсілдерге сай келетін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс қабылданып, күшіне енді.

Кодекс аясында "Бірінші келген – бірінші алады" қағидасы енгізіліп, жер қойнауын пайдалану құқығын беру мерзімі қысқартылды. Сонымен қатар, мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы қабылданып, геологиялық ақпаратқа қолжетімділік артты әрі көптеген әкімшілік кедергілер алынып тасталды.

Мемлекет тарапынан жүзеге асырылған ауқымды іс-шаралардың нәтижесінде жер қойнауы саласындағы инвестициялық ахуал мейлінше жақсара түсті.

Дәстүрлі Атырау халықаралық құқықтық конференциясының жұмысы жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы талқылауға, мемлекеттік реттеуші органдардың, заң және бизнес қауымдастығының  өзара іс-қимылын тереңдетуге, экологиялық мәселелерді шешудің озық жолдарын қалыптастыруға оң септігін тигізеді деп сенемін.

Сіздердің жұмыстарыңызға жеміс және баршаңызға табыс тілеймін! 

 

Құрметпен,                                                                                         Д. НАЗАРБАЕВА

Бөлісу