Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттарымен кездесу

12.11.2019 0

Парламент Сенатында Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелері Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатындағы бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамындағы депутаттармен кездесті.

Жүздесу барысында мәслихат депутаттары Парламент Сенатының заң шығару қызметімен танысты. Кездесуге қатысушылар бюджетті жоспарлау, қалыптастыру және орындауға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады, экономиканың, кәсіпкерліктің, өнеркәсіп пен инновацияның өзекті мәселелері көтерілді.

Салалық комитеттің төрағасы Серік Жақсыбеков Сенат депутаттары заңдарды орындалуына мониторинг жүргіумен қатар жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау қажеттігін атап өтті.

Отырысқа қатысушылар елордадағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Бұдан былай өзара іс-қимыл аясында жұмыс кездесулері мен кеңестер өткізу жоспарланды.

Бөлісу