Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Заң жобасын қолдау

05.02.2018 0

Мұратбай ЖОЛДАСБАЕВ,

ҚР Парламенті

Сенатының депутаты

Комитет отырысында сөйлеген сөз

2017 жылғы 2 қараша                                                                          Астана

 

Құрметті Асқар Асанұлы!

Құрметті әріптестер мен шақырылғандыр!

Заң жобалары бойынша баяндамашы, әріптесіміз – Қайрат Қапарұлы толығымен айтып кетті.

Оны қайталаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Заң жобасы жұмыс тобында жан – жақты талқыланды.

Қазақстанның Ислам Ынтымақтасытғы Үйымындағы жұмысы ел беделіне, одан қалды практикалық тұрғыда мағынасы зор. Азық-түлік қауіпзідгі бағытында Ислам Ынтымақтасытғы Үйымының атқарып жұрген шаруалары мол. Осы бағыттағы жұмысқа Қазақстанның қосқан нақты үлесі бар.

Осы тұста, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ислам Ынтымақтасытғы Үйымы арасындағы  азық-түлік қауіпзідгі жөніндегі штаб – пәтер туралы келісімді ратификациялауды қолдаймын.

Бүгінгі қаралып отырған келісім тақырыбы Азық-түлік қауіпзідгі жөніндегі Ислам Үйымының штаб – пәтерін ашып, оның орналасу жері ретінде Елорданың таңдалуы кездейсоқ емес. Қазақстанның азық-түлік потенциалы жоғары.

2011 жылдың 28-30 маусымында Астана қаласында өткен  Ислам Үйымының 38-ші сессиясында Елбасы Азық-түлік қауіпзідгі жөніндегі Ислам Үйымының штаб – пәтерін Астана қаласында орналастыру жөнінде ұсыныс еткен болатын.

Бұл үйымға 32 мемлекет мүшелікке қол қойған. Бүгінгі күні 8 мемлекет Келісімді ратификациялаған.

2013 жылдың 9-10 желтоқсанында Гвинея астанасы Конакри қаласында өткен Ислам Ынтымақтасытғы Үйымының 40-сессиясында 19 мемлекет  тарапынан Ислам Азық-түлік қауіпзідгі Үйымының Жарғысы бекітілген.

Осыған орай, заң жобасы өзекті және қажетті болып табылады деп есептеймін.

Осы заңды қабылдау теріс әлеуметтік – экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Қолдауыңызды сұраймын.

Бөлісу