Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Ақтоғай ауданы әкімінің жылдық қорытынды есеб беру рәсіміне қатысты

06.02.2019 0

Ақтоғай ауданының әкімі Салтанат Әбеуова аудан тұрғындары алдында 2018 жылыға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері бойынша жылдық қорытынды есебін беріп, алда тұрған жұмыстар мен міндеттерді баяндады. Өткен жылы шешімін тапқан өзекті мәселелерді түгендеп, өңірді дамытуға қатысты жоспармен таныстыру ауқымында өткен жиынға ҚР Парламенті сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров, Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Саяш Ахметов, жергілікті мекеме, бөлім қызметкерлері, ауыл әкімдері мен еңбек ардагерлері, аудан тұрғындары қатысты. Аудан тұрғындары І.Жақсыгелдин, С.Айтжанов, Қ.Шерубаева, аудандық жастар орталығының директоры М.Кәрібаев көкейлерінде жүрген мәселелі сұрақтарын қойып тиісті жауаптарын алды.

 

 

Бөлісу