Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенаты депутаты Әбдікеров Рысқали Қалиақпарұлы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Комитет отырысында қосымша баяндама жасады

13.11.2019 0

Баяндама

 

Құрметті Владимир Васильевич !

Құрметті әріптестер!

 

Біздің қараумызға  «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы ұсынылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы (бұдан әрі - Келісім) Келісімге 2018 жылғы 13 қыркүйекте Анкара қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары кезінде қол қойылды.

Қаралып отырған Келісімнің мақсаты Тараптар арасындағы тең құқықтық пен өзара тиімділік қағидаттары негізінде әскери ынтымақтастықты қалыптастыру және оны одан әрі дамыту болып табылады.

Сондай-ақ аталған Келісім бұрын екі ел арасында жасалған 1993 жылғы 23 ақпандағы Әскери білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің және 1994 жылғы 8 тамыздағы Әскери ғылым, техника және білім беру саласындағы келісімнің орнына әзірленген.

Жоғарыда аталған халықаралық шарттардың кейбір ережелері екі елдің қолданыстағы заңнамаларына сәйкес келмеуіне, сондай-ақ олардың іс-шараларды өткізуге қаржылық қамтамасыз ету туралы нормалардың болмауына байланысты жаңа Келісім жасасу туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, Келісімде әскери даярлық пен білім беру, бірлескен оқу-жаттығулар өткізу, картография, гидрография, топогеодезиялық қамтамасыз ету, әуе кеңістігі арқылы әскери мүліктің танзиті, медициналық көмек көрсеті, юрисдикция салаларындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ бұрын қамтылмаған басқа да мәселелерді көздейді.

Заң жобасы оны әзірлеушілердің қатысуымен жұмыс тобының отырысында қаралып, туындаған бірқатар сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар алдық.

Заң жобасы бойынша Комитет мүшелерінен ескертпелер түскен жоқ.

Құрметті әріптестер!

Аталған заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын және бас комитетке өзгертулерсіз жолдауды ұсынамын.

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу