Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында Өңірлер күндерін өткізу аясында Қызылорда облысы күнінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әбдікеров Рысқали Қалиақпарұлының Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бахыт Дүйсенұлына қойған сұрағы

21.02.2020 0

ҚҰРМЕТТІ ТӨРАҒА!

 

Менің сұрағым Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бахыт Дүйсенұлына арналады.

 

Бүгінде Қызылорда облысы бойынша өзекті мәселелердің бірі – жергілікті бюджеттердің республикалық бюджеттен берілетін трансферттер мен субвенцияларға тәуелділігі болып отыр.

Салыстырмалы түрде атап айтсақ, 2020 жылғы республикалық бюджеттен өңірге берілген субвенцияның көлемі 174,5 млрд. тенгені құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 37,4 млрд. теңгеге жуық өсіп отыр, Яғни, бұл – облыстық бюджет шығындарының50-ден астам пайызын құрайды.

Осыған орай сұрақ, 1) бүгінде республикалық бюджеттен тәуелсіз болу мақсатында қандай түпкілікті ауқымды жұмыстар жасалауда?

2) Облыста мұнай өндіру не себепті күрт төмендеп кетті?

Рахмет!

 

ҚҰРМЕТТІ ТӨРАҒА!

 

2019 жылғы республикалық бюджеттен «Ауыл - ел бесігі» жобасы шеңберінде 53 ауылдық елді мекенге 452 жобаларды іске асыру үшін 30,0 млрд. тенге бөлінгендігін білеміз.

Ал Қызылорда облысына келер болсақ 2019 жылы осы жоба шеңберінде республикалық бюджеттен 2 елді мекенге 2 млрд. тенге көлемінде бөлініп, ал 2020 жылғы бюджеттен 4 елді мекенге 1,5 млрдқа жуық қаражат бөлінген.

Әрине бөлінген қаражат аздық етеді. 

Осыған орай екі сұрағым бар?

  1. Жалпы осы жоба шеңберінде ауылдық елді мекендердің саны мен олардың жобасын көбейту мақсатында жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлу жоспарларыңызда барма?
  2.  Сонымен қатар 2019 жылғы бөлінген қаржы қаншалықты толықтай сапалы игерілгендігі туралы айтып өтсеңіз?

Рахмет!

ҚҰРМЕТТІ ТӨРАҒА!

 

Бұдан бұрын Қазақстан Республикасы Үкіметі 2010 жылғы 22 ақпандағы №108 бекітілген қаулысына сәйкес Қарағанды облысы Ұлытау ауданының 2 млн. 210,9 мың гектар жер учаскесі  2025 жылға дейін Қызылорда облысына ұзақ мерзімге «Құмкөл» пайдалануға берілген болатын.

Осыған орай сұрақ: Бұл жерден қанша мұнай өнімдері өндіріледі? Бюджетке қанша салық түседі?

Бөлісу