Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенаты депутаты Әбдікеров Рысқали Қалиақпарұлы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдай мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша» ҚР Заңының жобасын қарастыру бойынша Комитет отырысында қосымша баяндама жасады

06.05.2020 0

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдай мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша

Баяндама

 

Құрметті Төраға !

Құрметті әріптестер!

 

Бүгінгі қарауымызға ұсынылып отырған Заң жобасының негізгі мақсаты әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін төтенше жағдай кезеңінде жедел шаралар қабылдауға бағытталған.

Заң жобасының міндеті төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік басқарудың жұмыс істеу механизмін және дағдарысқа қарсы заңнама құқықтық реттеуді кеңейту бағытымен жаңа жағдайларда әлеуметтік экономикалық тұрақтылықты сақтау болып табылады.

Сондай-ақ заң жобасы, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес заңнаманың 14 жекелеген салалары бойынша төтенше жағдай кезінде елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды құжаттардың қолдану ерекшеліктерін белгілеуді ұсынады.

Анықтама ретінде:Олар: салық, банктік, бюджеттік, кедендік, еңбек, монополияға қарсы заңдар, сондай-ақ халықтын денсаулығын сақтау туралы және денсаулық сақтау жүйесі туралы заңнамалар, мемлекеттік сатып алу туралы, валюталық реттеу туралы заңнамалар, азаматтарды әлеуметтік қорғау, мемлекеттік меншік салалары және т.б.

Заңды қабылдау нәтижесінде аталған түзетулер төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталады.

Ұсынылған заң жобасын қабылдау қандай да бір кері әлеуметтік, экономикалық және саяси салдарға әкеп соқтырмайды.

Заң жобасы оны әзірлеушілердің қатысуымен жұмыс тобының отырысында қаралып, туындаған бірқатар сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар алдық.

Заң жобасы бойынша Комитет мүшелерінен ескертпелер болған жоқ.

Аталған заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын және бас комитетке өзгертулерсіз жолдауды ұсынамын.

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу