Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарттың жекелеген ережелерін қолдану туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

05.02.2018 0

 

  Құрметті төраға, құрметті әріптестер!

«2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарттың жекелеген ережелерін қолдану туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасын Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі толық баяндап берді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасында жүзеге асқан Еуразиялық экономикалық одақ тауар мен қызметтің, капитал мен жұмыс күшінің еркін айналымына мүмкіндік беруде. Соның нәтижесінде бүгінгі күні аталған одаққа мүше мемлекеттердің экономикалық дамуын жаңа деңгейге жеткізетін мүмкіндіктер пайда болып отыр.

Заң жобасымен ұсы­ны­лып отыр­ған Хаттаманың негізгі мақсаты – Еуразиялық экономикалық одақтың әрбір мүше-мемлекетіне кедендік әкелу баждарының сомаларын нормативтік бөлудегі өзгерістерді заңи рәсімдеуге бағытталған.

Жалпы Заң жобасы экономикадағы интеграциялық үдерістерді дамытуға және қатысушы-мемлекеттердің араларында өзара тиімді серіктестік қарым-қатынастарды орнатуға жағдай туғызады деп есептеймін.

Заң жобасы Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейді және «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары бойынша ратификациялауға жатады.

Тұтастай алғанда, Хаттама Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сай келеді, сонымен қатар, теріс экономикалық, әлеуметтік, және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

Заң жобасы жұмыс тобының отырысында жан-жақты талқыланып, зерделенді.

Осы айтылғандарды ескере келе, құрметті әріптестер, Сіздерді заң жобасын қолдап, Бас комитетке ұсыныстар мен ескертпелерсіз жолдауды ұсынамын.

Назарларыңызға Рақмет!

 

Бөлісу