Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

07.03.2018 0

Құрметті төраға, құрметті әріптестер!

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын Ауыл шаруашылық                     вице-министрі толық баяндап берді.

Аталған  заң жобасы негізінен 2016 жылы жер саласында туындаған мәселелерді қарау жөнінде құрылған Жер комиссиясы жұмысының нәтижелері бойынша әзірленген.

Заң жобасының мақсаты ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалануды және құнарлығын арттыруды, конкурстардың ашықтығын қамтамасыз етуді, жалға алушылардың жауапкершілігін арттыруды, бір қолға жалға берілетін жерлердің көлеміне шектеу қоюды, жайылымдар мен шабындықтар мәселесін реттеуді көздейді.

Сонымен қатар, заң жобасында шекаралық белдеу және шекара аумағында орналасқан жер телімдерін беру мәселесі күшейтіліп, талап қатаңдатылды. Бұл шаралар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Заң жобасы бойынша бірнеше жұмыс тобының отырысы өткізілді. Онда заң жобасына қатысты бірқатар мәселелер көтеріліп, жан-жақты талқыланды.

Осыған орай, Заң жобасы бойынша бірнеше ұсыныстар мен ескертулер бар, ол салыстырма кестеде көрсетілген.

Назарларыңызға Рақмет!

 

Бөлісу