Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы

23.04.2018 0

 

 

Құрметті төраға, құрметті әріптестер!

Бүгін Сіздердің қарауыңызға еліміздің негізгі қаржы құжаты – «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы ұсынылып отыр.

Заң жобасы туралы баяндамашы толық баяндап берді.

Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдаулары мен Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыруға бағытталған.

Қосымша қаражат жол құрылысына, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз етуге бөлінеді. Сонымен қатар мұғалімдерге жаңа талап бойынша қосымша ақы төлеуге де қаржы қарастырылып отыр. Ауылшаруашылығы мен аграрлық ғылымды дамытуға, су ресурстарын тиімді басқару, сондай-ақ шағын бизнесті несиелендіруді қолдау үшін қосымша қаржы көзделген.

Жалпы Ел бюджетінің 44,1 пайызы әлеуметтік саланың қажеттіліктеріне жұмсалмақ. Демек, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері мызғымайды. Бұл саланың еншісіне 4 трлн 254 млрд теңге бөлінген.

Заң жобасы жұмыс тобының отырысында жан-жақты талқыланып, зерделенді.

Осы айтылғандарды ескере келе құрметті әріптестер, Сіздерді заң жобасын қолдап, Бас комитетке ұсыныстар мен ескертпелерсіз жолдауды ұсынамын.

   Назарларыңызға Рақмет!

 

Бөлісу