Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ Р.Қ.ӘБДІКЕРОВ АЛБАНИЯНЫҢ ЕУРОПА ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ Д.БУШАТИМЕН КЕЗДЕСУГЕ ҚАТЫСТЫ

20.11.2018 0

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ Р.Қ.ӘБДІКЕРОВ АЛБАНИЯНЫҢ ЕУРОПА ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ Д.БУШАТИМЕН КЕЗДЕСУГЕ ҚАТЫСТЫ

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Албанияның Еуропа және сыртқы істер министрі Дитмир Бушатиді қабылдады. Сенат Төрағасы осы кездесу Қазақстан мен Албания арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға жаңа серпін беретінін атап өтті. Еуропа және сыртқы істер министрі Сенат депутаттарын Албанияның 2020 жылы ЕҚЫҰ-ға төраға болуға ниеті және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше болуға өтініш беретіні туралы хабардар етті. Дипломаттың пікірінше, Қазақстанның осы халықаралық құрылымдардағы қызметіндегі оң тәжірибесі Албания үшін пайдалы болады. Жүздесушілер екі ел арасындағы сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігін талқылады. Д.Бушати Албания азаматтары үшін визасыз тәртіпті енгізу мәселесін көтерді. Қазақстандықтар үшін мұндай тәртіп 2012 жылдан бері қолданылып келеді.

http://www.parlam.kz/kk/senate/press-center/article/37444

Бөлісу