Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы

12.12.2018 0

 

  Құрметті төраға, құрметті әріптестер!

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі толық баяндап берді.

Дүние жүзінде фармацевтикалық сала мемлекеттік реттеудің, мемлекеттік мәселелердің стратегиялық маңызды және басым салаларының бірі болып табылады.   

Осыған орай, аталған Заң жобасы өндірушілерден бастап дәріханаларға дейін дәрілік заттардың шекті бағаларын бекітіп, барлық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарының бағаларын реттеуге бағытталған. Оның ішінде тек көтерме бағамен сатып алу кезінде ғана емес, сонымен қатар бөлшектік бағамен сатып алу да қарастырылатын болады. Бұрын дәрілік заттардың сапасына бақылау тек тіркеу кезінде ғана болса, енді олардың тіркеуден кейінгі сапасы мен айналысына бақылауды күшейту механизмі де енгізіліп отыр.

Жалпы, Денсаулық сақтаудың маңызды міндеттерінің бірі – халықты қауіпсіз, тиімді, сапалы және қолжетімді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жоспарлау жүйесін жетілдіру қаралып отырған заң жобасының негізгі мақсаты болып табылады.

Сондай-ақ, "денсаулық сақтау" технологияларын" кешенді бағалау негізінде азаматтардың жекелеген санаттарын тегін немесе жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз ету үшін дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың ұлттық формулярлық тізбесін қалыптастыру көзделген. Бұдан басқа, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды электрондық сатып алуға ауыстыру қарастырылған.

Тұтастай алғанда, Заң жобасы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру, соның ішінде ғылыми-техникалық ілгерілеудің дамуына және еркін бәсекелестікке кедергі келтіретін құқықтық олқылықтарды, келіспеушіліктерді жою, сондай-ақ әкімшілік бөгеттер туғызатын нормаларды болдырмау мақсатында әзірленген. 

  Заң жобасы жұмыс тобының отырысында жан-жақты талқыланып, зерделенді.

Осы айтылғандарды ескере келе, құрметті әріптестер, Сіздерді заң жобасын қолдап, Бас комитетке ұсыныстар мен ескертпелерсіз жолдауды ұсынамын.

Назарларыңызға Рақмет!

Бөлісу