Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының айналысы туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы

05.12.2018 0

 

  Құрметті төраға, құрметті әріптестер!

Заң жобасы туралы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі толық баяндап берді.

Қаралып отырған келісімнің негізгі мақ­саты – Еуразиялық эконо­микалық одақ шеңберінде тұ­қымдардың жалпы нары­ғын дамыту, аталған одаққа мүше мемлекеттердің өсім­дік тұқымдарының жалпы ақпараттық ресурсын қалып­тастыру, сонымен қатар тұқым­ның сұрыптық және егу сапасын айқындаудың бір­ың­ғай әдістерін қолдануды қам­тамасыз ету болып табылады.

Келісімді ратификациялау сұрыптарды сынау, тұқым саласындағы заңна­маны жетілдіру, еліміздің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тұқымдар­дың жалпы нарығына шығу мүмкіндігін кеңейтуге, селек­ция­ны және тұқым шаруа­шы­лығын дамытуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін бәсекеге қабілеттілігін артты­руға мүмкіндік береді.

Бұл өз кезегінде елдің азық-түлік қауіпсіздігіне өз үлесін қосып, халқымыздың өмір сүру сапасын арттыра түсетіндігі анық.

Тұтастай алғанда Келісім Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сай келеді, ал оны жасау елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуалға оң әсер әкелетіні айқын.

Заң жобасы жұмыс тобының отырысында жан-жақты талқыланып, зерделенді.

Осы айтылғандарды ескере келе, құрметті әріптестер, Сіздерді заң жобасын қолдап, Бас комитетке ұсыныстар мен ескертпелерсіз жолдауды ұсынамын.

Назарларыңызға Рақмет!




Бөлісу