Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Комитет отырысында қосымша баяндама жасады

30.01.2019 0

Құрметті әріптестер!

 

Заң жобасының негізгі мақсаты туралы Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі жан-жақты айтып өтті.

Бүгінгі қаралып отырған өзгерістер Қазақстан Республикасы аумағында мұнай өнімдері Тізімінің шарттарын қолдануға мүмкіндік беретін ведомствоаралық Хаттаманы бекіту жолымен Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан шығаруға тыйым салынған мұнай өнімдері мен Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық одақ кедендік шекарасы аумағынан тыс экспорттауға тыйым салынған мұнай өнімдері Тізімін Тараптардың құзыретті органдарына анықтауға мүмкіндік береді.

Келісімге негізделген осы өзгерістердің екі елдің шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін, сол сияқты біздің еліміздің экспорттық әлеуетін өсіру үшін де маңызы зор.

Жалпылай Хаттаманың бүкіл мәтініндегі нақтылаушы нормалар Келісімнің тұтастай тиімді іске асыруға әсерін тигізеді.

Заңды қабылдау келеңсіз әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Хаттаманың ережелері Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының Заңдары мен нормативтік құқықтық актілерінің нормаларына қайшы келетін нормаларды қамтымайды.

Заң жобасы  жұмыс тобының отырысында жан-жақты талқыланды және пайда болған сұрақтарға жауаптар алынды.

Баяндалғанның негізінде, заң жобасын қолдап, бас комитетке ескертпесіз жолдауды ұсынамын.

 

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

 

 

 

Бөлісу