Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Заң шығармашылық қызметі (бас заң жобалары)

19.09.2019 0

 

Заң шығармашылық қызметі

(бас заң жобалары)

 

 2018 жыл:

 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қорғас өзенінде «Шүкірбұлақ (Алмалы)» бірлескен сел ұстайтын бөгетін салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы»

Келісімге 2017 жылғы 8 маусымда Астанада қол қойылған және ол  Қорғас өзенінде сел ұстайтын бөгетті бірлесіп салуды жүзеге асыруды көздейді.

Сел ұстайтын бөгет Келісім мемлекеттерінің ортақ меншігі болып табылады. Тараптар құрылысты қаржыландыруды жобаның жалпы құнының 50%-ынан бірлесіп жүзеге асырады.

Заң 2018 жылғы 21 маусымда Сенат отырысында қабылданды.

№ 164-VI-ЗРК Заңға 2018 жылғы 29 маусымда қол қойылды.

 

«Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінің ауданы туралы шартты ратификациялау туралы»

Шартқа 2017 жылғы 10 қарашада Самарқандта Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасында үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінің ауданы туралы қол қойылған және қазақ, түрікмен, өзбек және орыс тілдерінде жасалған.

Шарттың негізгі мақсаты – үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінің орналасқан жерін айқындау және түйісу нүктесі ауданындағы мемлекеттік шекараларды делимитациялау.

Заң 2018 жылғы 25 қазанда Сенат отырысында қабылданды.

№ 190-VI-ЗРК Заңға 2018 жылғы 5 қарашада қол қойылды.

 

2019 жыл:

 

        «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» 

 Келісімнің негізгі мақсаты – терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды арнайы техникамен, арнайы құралдармен және қамтамасыз ету материалдарымен жарақтау немесе олар туралы ақпарат жіберу үшін тең әрі жеңілдікті жағдайлар жасау.

         Заң 2019 жылғы 31 қаңтарда Сенат отырысында қабылданды.

№ 224-VI-ЗРК Заңға 2019 жылғы 8 ақпанда қол қойылды.

Бөлісу