Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Өмірбаян

Құл-Мұхаммед
Мұхтар
Абрарұлы

Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед

 

1960 жылы туған. Заң ғылымдарының докторы, профессор.

 

Өмірбаяны

  • 1982 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (қазіргі ҚазҰУ). «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясының ғылыми редактор, аға ғылыми редакторы, философия, құқық және социология редакциясының меңгерушісі, жауапты хатшы - бас редактордың орынбасары (Алматы, 1983–1992 жылдары). «Атамұра» корпорациясының президенті (Алматы, 1992–1999).
  • ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың Заң шығарушылық және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитет хатшысы, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (Астана, 1999–2001 жылдар).
  • ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі (Астана, 2001–2003).
  • ҚР Президентінің кеңесшісі, Баспасөз хатшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (Астана, 2003–2007).
  • Қызылорда облысының әкімі (Қызылорда қаласы, 2007–2008).

     

  • ҚР Мәдениет және ақпарат министрі (Астана, 2008–2010). ҚР Мәдениет министрі (Астана, 2010-2012). ҚР Мемлекеттік хатшысы (Астана, 2012-2013). ҚР Мәдениет және ақпарат министрі (Астана, 2013-2014).

     

  • Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (2014-2016).
  • Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі(2015).
  • Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (Астана, 2014-2016).
  • «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары (2016-2018).
  • 2018 жылғы 1 ақпанда Қазақтан Республикасы Президентінің жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалып, 2019 жылдың 12 тамызында Қазақтан Республикасы Президентінің жарлығымен өкілеттілігі 2025 жылға дейін ұзатырылды.
  • 2019 жылғы 28 наурыздан бастап ҚР Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

 

 

Ғылыми жұмыстары

  • «Қазақстанның ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік тарихының проблемалары».
  • «Жақып Ақбаев және Алаш қайраткерлері саяси - құқықтық көзқарастарының эволюциясы (ХІХ ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басы)».
  • Ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты  қазақ мемлекеті мен құқығының тарихы, түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті, руханият пен өркениет мәселелеріне арналған.
  • Қазақстанның тарихы, құқық және мемлекеттің теориясы мен тарихы, әдебиеттану, мәдениеттану тақырыптарындағы 200-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.

 

Марапаттары

  •  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996);
  •  «Құрмет» ордені (2004);
  • «Парасат» ордені (2010);
  •  «Барыс» ордені (2016);
  • Астана қаласының құрметті азаматы;
  • «Парламенттік ынтымақтастықты нығайтқаны үшін» медалі(2018);
  • Қазақстанның және шет мемлекеттердің басқа да марапаттары, құрмет атақтары.

 

 

 

Парламент Сенаты

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік

комитеті Төрағасының

 тұрақты комиссия, комитет, топтарға қатысуы

 

«Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ»  Парламенттік ынтымақтастық Комитетінің мүшесі;

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі;

ҚР Парламенті Сенаты мен Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның тең төрағасы;

Қытаймен ынтымақтастық тобының жетекшісі;

Бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі Кеңестің мүшесі;

"Нұр Отан" партиясы Саяси кеңесінің мүшесі;

Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын талқылау жөніндегі комитеттің мүшесі.